Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2025 № 706 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамын республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінетін қаржы агенттігі деп белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін белгілеу туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесі белгіленсін";
осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 86 қаулысына қосымша |
Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді
орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы
агенттіктерінің тізбесі
1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы;
2. "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы.