Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы N 1080 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 311 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 мамырдағы N 375 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі: 
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, қосымшаға сәйкес құрамда "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесін сайлауды заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін; 
      2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директор кандидатурасы жөнінде 
ұсыныс енгізсін. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі 
                                            Қазақстан Республикасы 
                                                   Үкіметінің 
                                            2007 жылғы 4 маусымдағы 
                                                 N 455 қаулысына 
                                                     қосымша 
      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 
2007.09.24. N 829 , 2008.03.28 N 298 Қаулыларымен. 
 "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік 
қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы 
Ертісбаев               - Қазақстан Республикасының Мәдениет және 
Ермұхамет Қабиденұлы      ақпарат министрі 
Сұлтанов                - Қазақстан Республикасының Экономика және 
Бақыт Тұрлыханұлы         бюджеттік жоспарлау вице-министрі 
Жәмішев                 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 
Болат Бидахметұлы 
  
Түймебаев               - Қазақстан Республикасының Білім және 
Жансейіт Қансейітұлы      ғылым министрі 
Бүркітбаев              - "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық 
Серік Мінуарұлы           холдингі" акционерлік қоғамының 
                          басқарма төрағасы