Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.28 № 1227 Қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
      1. "Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау мәселелерi жөнiндегi мемлекетаралық кеңестегi және Еуразия патенттiк ұйымының Әкiмшiлiк кеңесiндегi өкiлеттi өкiлiн тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 9 қарашадағы N 1428  қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      1-тармақта: 
      бiрiншi абзацта "Сахипова Нұрғайша" деген сөздер "Әйкенов Марат Оршанұлы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      екiншi абзацта "Азамат Халимеденұлы Әмiрғалиев" деген сөздер "Сейiтжанов Қайсар Доқтырбекұлы" деген сөздермен ауыстырылсын. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
       Қазақстан Республикасы 
      Премьер-Министрінің 
      мiндетiн атқарушы