"Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуiрдегі Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамы акционерлерiнiң жалпы жиналысымен оның директорлар кеңесiнiң құрамына сайлауға Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi Асқар Раушанұлы Елемесовтiң және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi Болат Әбiлқасымұлы Палымбетовтiң кандидатуралары белгiленсiн.
      2. "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамының Директорлар кеңесi құрамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 22 қарашадағы N 1149  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      1-тармақта: 
      "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi - Қайрат Медiбайұлы Әйтекеновті; 
      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі - Ғани Нұрмұханбетұлы Өзбековтi;" деген жолдар алынып тасталсын. 
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрi