Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбы және деректемелері жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
Ескерту. бүкіл мәтін бойынша:
"ҚІЖК-де", "ҚІЖК-нің", "ҚІЖК-ге" тиісінше деген сөздер "ҚПК-де", "ҚПК-нің", "ҚПК-ге" деген сөздермен;
"363" деген цифрлар "382" деген цифрлармен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 Нормативтік қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Сот практикасында қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарау туралы заңнама нормаларын біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.1. Қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарау сот төрелігін іске асырудың жеделдігін арттыратынына, сот іс жүргізуге байланысты шығыстарды төмендететініне, сот шығындарын қысқартатынына, судьялар мен процеске қатысушылардың уақытын үнемдейтініне соттардың назары аударылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.2. Соттар Қазақстан Республикасы Қылмыстық - процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 382-бабының бірінші бөлігіне сәйкес онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстар және ауыр қылмыстар туралы істер қысқартылған тәртіппен қаралатынын назарда ұстағандары жөн. Істерді қысқартылған тәртіппен қарауда, оның ішінде кәмелетке толмағандарға, сот iсi жүргiзілетін тiлдi бiлмейтiн тұлғаларға қатысты, жәбірленушісі жоқ және басқа да істер бойынша заңда қандай да бір шектеулер белгіленбеген.
Егер сотталушы кінәсін толық көлемде, оның ішінде оған қойылған талап қою талаптарын мойындаса, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында ҚПК-де белгіленген және процеске қатысушылардың құқықтарына нұқсан келтіретін қағидаларды бұзушылыққа жол берілмесе, сондай-ақ процеске қатысушылар iс бойынша жиналған дәлелдемелердiң қатыстылығы мен жол берілетіндігіне дауласпаса және оларды сот отырысында зерттеудi талап етпесе, сондай-ақ сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру істері бойынша немесе медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған кезде сот істі қысқартылған тәртiппен қарау туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.3. Сот істі қысқартылған тәртіппен қарау мәселесін ҚПК-нің 382-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздерді анықтағаннан кейін, істі іс жүргізуге қабылдаған кезде дербес, сондай-ақ басты сот талқылауының басында тараптардың пікірін ескере отырып шешеді. Соттың шешімі басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыларда немесе тікелей сот талқылауының барысында жазылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.4. Сот, егер басты сот талқылауы барысында прокурор аса ауыр қылмыс жасады деген айыпты басқа одан неғұрлым жеңіл қылмыс жасады деген айыпқа өзгертсе, сот отырысын қысқартылған тәртіппен жүргізу мәселесін қарауға тиіс.
Тараптар істі қысқартылған тәртіппен қарау туралы өтінішхат берген жағдайда істі іс жүргізуге қабылдау кезінде және оған ҚПК-нің 382-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер болған кезде алдын ала тыңдау ҚПК-нің 321-бабының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.5. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 нормативтік қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
6. Сот істі қысқартылған тәртіппен қарау туралы шешім қабылдау кезінде ҚПК-нің 319, 320-баптарында көрсетілген мәселелерді де, атап айтқанда:
істің осы соттың соттылығына жататын-жатпайтынын;
таңдалған бұлтартпау шарасының өзгертуге немесе күшін жоюға жататын-жатпайтынын;
істі тоқтату немесе іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру үшін негіздердің бар-жоғын;
анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізу, жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу, кінәні мойындау туралы процестік келісім, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасу кезінде басты сот талқылауын тағайындауға кедергі болатын бұзушылықтарға жол берілген-берілмегенін және басқаларды анықтауға міндетті.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.7. Соттың істі қысқартылған тәртіппен қарау туралы шешімі басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыларда не басты сот талқылауында жеке құжат ретінде немесе оны сот отырысының хаттамасына енгізе отырып, жазылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.8. Сот талқылауын қысқартылған тәртіппен жүргізу кезінде сот тергеуі ҚПК-нің 382-бабының екінші бөлігіне сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте басқа дәлелдемелерді жариялау және зерттеу талап етілмейді, өйткені оларға ешкім дау айтпайды және анық, қатысты әрі жол берілетін болып танылады. Сот жарыссөзі мен істің қаралуын аяқтау олар бойынша сот жарыссөзі жүргізілмейтін және сотталушы соңғы сөзді айтпайтын медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған істерді қоспағанда, ҚПК-нің 383, 384, 385, 386-баптарында белгіленген қағидалар бойынша жүргізіледі.
Сот талқылауының қысқартылған тәртібі кезінде процеске қатысушылардың процестік құқықтарына қысым жасауға немесе шектеуге жол берілмейді.
Егер ол іс бойынша тарап болып табылмайтын басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мән-жайларды зерттеудің жан-жақтылығына, толықтығы мен объективтілігіне әсер ететін болса, сот талқылауы қысқартылған тәртіппен жүргізілуі мүмкін емес.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.9. Сот ҚПК-нің 382-бабы үшінші бөлігінің негізінде, егер басты сот талқылауы барысында айыпталушыдан немесе жәбірленушіден жауап алу кезінде сот отырысында зерттеуді талап ететін мән-жайлар анықталса, сот тергеуін толық көлемде жүргізу туралы қаулы шығара алады. Егер сот жарыссөздерінде сөз сөйлеуші немесе сотталушы соңғы сөзінде іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайлар туралы хабарласа, сот тараптардың өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасымен ҚПК-нің 385-бабының негізінде, сот тергеуін қайта бастайды. Қайта жүргізілген сот тергеуі аяқталғаннан кейін сот жарыссөзін сот қайтадан ашады және сотталушыға соңғы сөз береді. Егер процеске қатысушылар жаңа мән-жайларға дау айтса сот тергеуін әдеттегі тәртіппен жүргізу туралы қаулы етеді.
Істі сотта іс жүргізуге қабылдау сатысында басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық-процестік заңнаманы елеулі бұзушылықтар анықталған кезде, ал сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру істері бойынша, кінәні мойындау туралы жасалған процестік келісімі бар істер бойынша және басты сот талқылауы барысында осы бұзушылықтар анықталса, сот оларды жою үшін уәжді қаулымен ҚПК-нің 323-бабының тәртібімен істі прокурорға қайтарады.
Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру істері, кінәні мойындау туралы процестік келісімі бар істер бойынша басты сот талқылауы барысында анықталған қылмыстық-процестік заңды елеулі бұзушылықтар деп сотты оны жүргізу мүмкіндігінен айыратын осындай бұзушылықтарды таныған жөн.
Атап айтқанда, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру істері бойынша басты сот талқылауын жүргізуге ҚПК-нің 190-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер, кінәні мойындау туралы жасалған процестік келісімі бар істер бойынша ҚПК-нің 613-бабында көрсетілген шарттардың бұзылуы кедергі болуы мүмкін.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.10. Соттардың қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарау мерзімдерін қатаң сақтағандары жөн. Істің қысқартылған тәртіппен сот талқылауы он тәулікке дейінгі мерзімде аяқталуға тиіс, ол сот талқылауы басталған кезден бастап есептеледі. ҚПК-нің 382-бабының екінші бөлігіне сәйкес бұл мерзім айрықша жағдайларда судьяның уәжді қаулысымен жиырма тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.
Істерді қарау мерзімдерін ұзартудың негіздері сотталушының, жәбірленушінің келмеуі; тараптардың залалды өз еркімен өтеу үшін мерзім беруге өтінішхат беруі; процестік келісім жасасу туралы өтінішхат беруі және т.б. болуы мүмкін.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.11. Істі қысқартылған тәртіппен қараған кезде сот айыптау үкімін, сондай-ақ ақтау үкімін шығаруға, іс жүргізумен істі тоқтатуға не сотталғанды заңда көзделген негіздер бойынша жазадан босатуға құқылы. Сот үкімде істің қысқартылған тәртіппен қаралғаны туралы жазып, сот отырысында зерттелмеген іс материалдарындағы дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқылы. Істерді қараудың қысқартылған тәртібі сотталушының кінәсін мойындауды көздейтіндіктен, бұл мән-жайды жазаны тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін ретінде ескеру қажет.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.12. Қысқартылған тәртіппен ҚПК-ге қатаң сәйкес түрде жүргізілген сот тергеуін толық емес немесе біржақты деп бағалауға болмайды, ал үкімді тексерілмегендігі немесе дәлелдердің жеткіліксіздігі уәждері бойынша негізсіз және күші жойылған деп санауға болмайды. Қысқартылған тәртіппен қаралған істер бойынша сот үкімдеріне, қаулыларына шағымдарды, наразылықтарды апелляциялық тәртіппен қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.13. Соттар қысқартылған тәртіппен қаралған істер бойынша шығарылған үкімдерге, қаулыларға апелляциялық шағымдар, кассациялық өтінішхаттар, наразылықтар бойынша істерді қарау кезінде бірінші сатыдағы соттың ҚПК-нің 382-бабының талаптарын сақтаған-сақтамағанын тексеруге тиіс.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.13-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қылмыстық істерді жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қысқартылған тәртіппен қарау кезінде жасалған қылмыс үшiн жазаның мерзімін және мөлшерін ҚК-нің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан асыруға болмайды.
Ескерту. Нормативтік қаулы 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16; жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.13-2. Кінәні мойындау туралы жасалған процестік келісімі бар қылмыстық істер арнайы норма болғандықтан, ҚПК-нің 64-тарауының талаптарын сақтай отырып, келісімдік іс жүргізу тәртібімен шешіледі. Ынтымақтастық туралы процестік келісімі бар істер қысқартылған тәртіппен қаралуға жатпайды және ҚПК-нің 51-тарауына сәйкес сот шешімдерін орындау сатысында шешіледі.
Ескерту. Нормативтік қаулы 13-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.14. Қылмыстық-процестік заңның нормаларын бұзушылықтармен байланысты істі жаңа сот қарауына жібере отырып, қысқартылған тәртіппен қарау кезінде шығарылған үкімнің күші жойылған кезде іс ҚПК-нің 382-бабының бірінші бөлігінің талаптары сақталған кезде қысқартылған тәртіппен қайта қаралады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.15. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының 27.11.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
|
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы |
|
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, жалпы отырыс хатшысы |