1. Қазақстан Республикасының аумағынан тұрмыстық пештiк отыннан басқа, дизель отынын (ТМД СЭҚ TH коды 2710 00 610 - 2710 00 690) әкетуге 2002 жылғы 1 қарашаға дейiн тыйым салынсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясы мен Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық комитетiн осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын әкетуге Қазақстан Республикасының
тыйым салу енгiзгендiгi туралы хабардар етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
5. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Жұманазарова А.Б