2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау мақсатында навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімнің 2-бабы 4-тармағының жетінші абзацына, 10-бабына және 11-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді және 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 27 қаңтардағы № 12 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 127 шешімімен бекітілген Навигациялық пломбаларды қолдана отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша қадағалау объектілерін тасымалдауды қадағалау барысында штаттан тыс жағдай туындаған және (немесе) рұқсат етілмеген іс-қимыл жүзеге асырылған кезде ұлттық операторлардың, уәкілетті операторлардың (органдардың) және бақылаушы органдардың іс-қимылдарды жасау тәртібі мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. Қадағалау объектісі аумағында тұрған мүше мемлекеттің уәкілетті операторы (органы) осы Тәртіптің 10-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін 30 минут ішінде өз мүше мемлекетінің бақылаушы органымен өзара іс-қимыл жасау арқылы осы Тәртіптің 7 – 9-тармақтарында көрсетілген іс-қимылдарды жүзеге асырады.".
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 130 шешімімен бекітілген Навигациялық пломбаларды қолдана отырып, мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша тасымалданатын тауарларға (өнімдерге) қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бақылаушы органдары арасында тасымалдау процесінде қабылданған бақылау шаралары мен нысандары туралы ақпарат алмасу тәртібінің 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бақылаушы органдар арасында бақылау шаралары мен нысандары туралы ақпарат алмасуды қамтамасыз ету бойынша жалпы процесті іске қосу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның өкімі күшіне енгенге дейін мұндай өзара іс-қимылды бақылаушы органдар өз мүше мемлекеттерінің уәкілетті операторлары (органдары) арқылы жүзеге асырады.".
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 12 шешімінде:
а) аталған Шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша жүру (тасымалдау) жолында қадағалау объектісіне бақылауды тоқтатпай навигациялық пломбаларды шешу және оларды кейіннен қайта салу кезінде тартылған ұлттық операторлардың, уәкілетті операторлардың (органдардың) және бақылаушы органдардың іс-қимылдарды жасау тәртібінде, сондай-ақ навигациялық пломбаны жүру (тасымалдау) жолында қадағалау объектісіне бақылауды тоқтатпай шешуге болатын жағдайларда:
мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:
"21. Бір мүше мемлекеттің ұлттық операторлары мен бақылаушы органдары арасындағы өзара іс-қимыл (оның ішінде ақпараттық) осындай мүше мемлекеттің уәкілетті операторы (органы) арқылы жүзеге асырылады.
Бір мүше мемлекеттің ұлттық операторлары мен бақылаушы органдарының басқа мүше мемлекеттердің ұлттық операторларымен және бақылаушы органдарымен өзара іс-қимылы (оның ішінде ақпараттық) осы басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті операторлары (органдары) арқылы жүзеге асырылады.";
"а" тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"мүше мемлекеттер арасында тауарларды тасымалдауды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттердің аумақтары арқылы жүзеге асыру;";
"б" тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"мүше мемлекеттер арасында тауарларды тасымалдауды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттердің аумақтары арқылы жүзеге асыру.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Навигациялық пломбаны шешуге рұқсат берілгені туралы және сонымен бірге оның пломбалау элементін ажырату қажеттілігі туралы аталған іс-қимылдарды жасау қажеттілігі туындаған мүше мемлекеттің бақылаушы органы өз мүше мемлекетінің уәкілетті операторына (органына) хабарлайды.";
мынадай мазмұндағы 81 – 83 тармақтарымен толықтырылсын:
"81. Осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген ақпаратты алған уәкілетті оператор (орган) тасымалдауды қадағалау басталған мүше мемлекеттің уәкілетті операторына (органына):
а) пломбалау элементі қашықтан ажыратылған жағдайда – қадағалау объектісіне бақылауды тоқтатпай, жүру (тасымалдау) жолында навигациялық пломбаны шешу жөніндегі шешім туралы;
б) пломбалау элементі арнайы құрылғыны пайдалана отырып ажыратылған жағдайда – мұндай ажырату туралы хабарлайды.
82. Тасымалдауды қадағалау басталған мүше мемлекеттің уәкілетті операторы (органы) осы Тәртіптің 81-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін, оны ақпараттық жүйесінде навигациялық пломба тіркелген ұлттық оператор орналасқан мүше мемлекеттің уәкілетті операторына (органына) береді (ұлттық оператор мен уәкілетті оператор (орган) бір тұлға болып табылатын жағдайды есепке алмағанда).
83. Ақпараттық жүйесінде навигациялық пломба тіркелген ұлттық оператор осы Тәртіптің 81-тармағының "а" тармақшасында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін пломбалау элементін қашықтан ажыратуды жүзеге асырады және аталған ақпаратты тасымалдауды қадағалау басталған мүше мемлекеттің уәкілетті операторына (органына) беру мақсатында өз мүше мемлекетінің уәкілетті операторына (органына) хабарлайды (ұлттық оператор мен уәкілетті оператор (орган) бір тұлға болып табылатын жағдайды есепке алмағанда).";
бірінші абзацта "8-тармағымен" деген сөздер "8 – 83-тармақтарымен" деген сөздермен алмастырылсын;
мынадай мазмұндағы "г" тармақшасымен толықтырылсын:
"г) басқа мүше мемлекеттің аумағында навигациялық пломбаны кейіннен ауыстыру мақсатында қадағалау объектісінің тасымалдауын жалғастыру туралы (егер мүше мемлекеттер арасындағы тасымалдау Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттердің аумақтары арқылы жүзеге асырылса).";
екінші абзац "оның пломбалау элементін тұйықтауды қоса алғанда" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"навигациялық пломбаны ауыстырудың ықтимал орны туралы ақпаратты көрсете отырып, қадағалау объектісінің тасымалдауын жалғастыру.";
бесінші абзацта "навигациялық пломбаны кейіннен салу қажеттілігі" деген сөздер "осы тармақтың екінші абзацында көзделген іс-қимылдарды жасау қажеттілігі" деген сөздермен алмастырылсын;
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Осы Тәртіптің 10-тармағының бесінші абзацында көрсетілген ақпаратты бақылаушы органнан алған уәкілетті оператор (орган) өз ұлттық операторының ақпараттық жүйесіне басқа мүше мемлекеттің аумағында навигациялық пломбаны ауыстырудың ықтимал орны туралы ақпаратты беруді жүзеге асырады және бұл туралы тасымалдаушыға және навигациялық пломбаны ауыстырудың ықтимал орны орналасқан мүше мемлекеттің уәкілетті операторына (органына) хабарлайды (ұлттық оператор мен уәкілетті оператор (орган) бір тұлға болып табылатын жағдайды есепке алмағанда).
12. Навигациялық пломбаны ауыстырудың ықтимал орны орналасқан мүше мемлекеттің уәкілетті операторы (органы) өз мүше мемлекетінің бақылаушы органына осы Тәртіптің 11-тармағында көрсетілген ақпараттың алынғаны туралы хабарлайды.";
мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
"13. Навигациялық пломбаны ауыстырудың ықтимал орны орналасқан мүше мемлекеттің бақылаушы органы қадағалау объектісі келгеннен кейін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 12 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша қадағалау объектісінің жүру (тасымалдау) жолында навигациялық пломбаны ауыстыру кезінде тартылған ұлттық операторлардың, уәкілетті операторлардың (органдардың) және бақылаушы органдардың іс-қимылдарды жасау тәртібінде және қадағалау объектісінің жүру (тасымалдау) жолында навигациялық пломбаны ауыстыруға жол берілетін жағдайларда көзделген іс-қимылдарды жасайды.";
б) аталған Шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша қадағалау объектісінің жүру (тасымалдау) жолында навигациялық пломбаны ауыстыру кезінде тартылған ұлттық операторлардың, уәкілетті операторлардың (органдардың) және бақылаушы органдардың іс-қимылдарды жасау тәртібінде және қадағалау объектісінің жүру (тасымалдау) жолында навигациялық пломбаны ауыстыруға жол берілетін жағдайларда:
мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:
"21. Бір мүше мемлекеттің ұлттық операторлары мен бақылаушы органдары арасындағы өзара іс-қимыл (оның ішінде ақпараттық) осындай мүше мемлекеттің уәкілетті операторы (органы) арқылы жүзеге асырылады.
Бір мүше мемлекеттің ұлттық операторлары мен бақылаушы органдарының басқа мүше мемлекеттердің ұлттық операторларымен және бақылаушы органдарымен өзара іс-қимылы (оның ішінде ақпараттық) осы басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті операторлары (органдары) арқылы жүзеге асырылады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Навигациялық пломба ауыстырылғаннан кейін осындай қажеттілік туындаған мүше мемлекеттің уәкілетті операторы (органы) тасымалдауды қадағалау басталған мүше мемлекеттің уәкілетті операторына (органына) мынадай ақпаратты береді:
а) навигациялық пломбаны ауыстыру себептері туралы мәліметтер;
б) навигациялық пломбаны ауыстырудың күні, уақыты мен орны туралы мәліметтер;
в) навигациялық пломбаны ауыстыруды жүзеге асырған тұлғалар туралы мәліметтер;
г) навигациялық пломбаны ауыстыру туралы шешім қабылдаған бақылаушы органның атауы;
д) ауыстыру себебінен шешілген және салынған навигациялық пломбалардың бірегей сәйкестендіру нөмірлері;
е) ақпараттық жүйесінде жаңа навигациялық пломба тіркелген ұлттық оператордың атауы.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Осы Тәртіптің 7-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін тасымалдауды қадағалау басталған мүше мемлекеттің уәкілетті операторы (органы) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 129 шешімімен бекітілген Қадағалау объектілерін тасымалдауды қадағалау басталатын мүше мемлекеттен басқа, Еуразиялық экономикалық одақтың өзге мүше мемлекетінің ұлттық оператордың ақпараттық жүйесінде тіркелген навигациялық пломбаны іске қосу және белсенділігін жою үшін қажетті бақылаушы органдар мен ұлттық операторлардың іс-қимылдар тәртібіне сәйкес ауыстырылатын навигациялық пломбаны белсенділігін жоюға және жаңа навигациялық пломбаны іске қосуға байланысты іс-қимылдарды жүзеге асырады.".