1. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "Өзара сауда шеңберінде есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарын пайдалануды кеңейту жөніндегі одан арғы жұмыс туралы" 2022 жылғы 26 тамыздағы № 20 өкімінің 2-тармағындағы "жарты жылда бір рет" деген сөздер "екі жылда бір рет" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |