2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 30-бабына, 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің 4, 7, 8 және 10-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссияның 2022 жылғы 17 наурыздағы № 12 өкіміне сәйкес, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау, Одақ шеңберінде дәрілік заттардың үздіксіз айналысын қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттар айналысының ерекшеліктерін белгілеу жөніндегі уақытша шаралар туралы" 2022 жылғы 10 маусымдағы № 96 шешімінің 1-тармағының "а" тармақшасында "2014 жылғы 31 желтосқан" деген сөздер "2027 жылғы 31 желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |