2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 92-бабының 4-тармағының 5-тармақшасына және 9-тармағының 1-тармақшасына және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2023 жылғы 26 қазандағы № 3 шешімімен бекітілген Өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іріктеу және оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің іске асыруы кезінде қаржылық жәрдем көрсету туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Ереженің ІІ бөлімінде көзделген кооперациялық жобаларды іріктеу критерийлеріне сәйкес деп тани отырып, "Kazrost Engineering Ltd. ЖК базасында ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін ұйымдастыру" кооперациялық жобасы (бұдан әрі – кооперациялық жоба) кооперациялық жоба паспортына сәйкес мақұлдансын.
2. Еуразиялық экономикалық одақ бюджетінен "Өнеркәсіпті дамыту қоры" Акционерлік қоғамына кооперациялық жобаны іске асыруға берілген кредит бойынша толық алмаған кірістерді өтеуге субсидия беру туралы келісімнің жобасы (қоса беріледі) мақұлдансын және осы Шешім қабылданған күндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 15,25 пайыз мөлшеріндегі базалық мөлшерлемені және 100 теңге үшін 18,8547 Ресей рублі бағамын ескере отырып, субсидия мөлшері – 34 733 385,59 Ресей рублі деп анықталсын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия осы Шешімнің 2-тармағына сәйкес келісім жасасын және ақшалай қаражаттың мынадай шекті көлемін ескере отырып субсидия беруді қамтамасыз етсін:
2026 жылы – 19 287 063,89 Ресей рублі;
2027 жылы – 7 956 288,28 Ресей рублі;
2028 жылы – 5 120 989,63 Ресей рублі;
2029 жылы – 2 251 828,86 Ресей рублі;
2030 жылы – 117 214,93 Ресей рублі.
4. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
Жоба
Еуразиялық экономикалық одақ бюджетінен "Өнеркәсіпті дамыту қоры" Акционерлік қоғамына кооперациялық жобаны іске асыруға берілген кредит бойынша толық алмаған кірістерді өтеуге субсидия беру туралы КЕЛІСІМ
№ _____
қ. 20 ж. "___" ___________
Бұдан әрі "Комиссия" деп аталатын Еуразиялық экономикалық комиссия 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы туралы" 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 13 шешімі негізінде әрекет ететін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы тұлғасында және бұдан әрі "Қаржы ұйымы" деп аталатын (жарғы немесе сенімхат) негізінде әрекет ететін "Өнеркәсіпті дамыту қоры" Акционерлік қоғамы, бұдан әрі "Тараптар" деп аталады, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10 қазандағы № 78 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бюджеті туралы ережеге, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде оларға қаржылық көмек көрсету туралы" 2023 жылғы 25 мамырдағы № 4 шешіміне, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "Еуразиялы экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде оларға қаржылық көмек көрсету туралы ережені бекіту туралы" (бұдан әрі – Ереже) 2023 жылғы 26 қазандағы № 3 шешіміне және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Kazrost Engineering Ltd. ЖК базасында ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін ұйымдастыру" кооперациялық жобасы туралы" 20 ж. "___" ____№ ____ шешіміне (бұдан әрі – Комиссия Кеңесінің жобаны мақұлдау туралы шешімі) сәйкес төмендегілер туралы осы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасады.
I. Келісімнің мәні
1.1. Осы Келісімнің мәні Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) бюджетінен Қаржы ұйымына Одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларындаға бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық көмек көрсету мақсатында кредит шарты бойынша қарыз алушыға (кредит алушыға) берілген кредиттер (қарыздар) бойынша Қаржы ұйымы алмаған кірістерді өтеу арқылы субсидия (бұдан әрі – Субсидия) беру болып табылады.
1.2. Субсидия Қаржы ұйымына Комиссия Кеңесінің жобаны мақұлдау туралы шешімімен белгіленген негізгі шарттар ескеріле отырып іске асырылатын "Kazrost Engineering Ltd. ЖК базасында ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін ұйымдастыру" кооперациялық жобасын (бұдан әрі – Кооперациялық жоба) іске асыруға қарыз алушыға (кредит алушыға) жеңілдетілген пайыздық мөлшерлеме бойынша кредит беру салдарынан туындаған алынбаған кірістерді өтеуге беріледі.
1.3. Кооперациялық жобаны іске асыру мерзімі 2025 жылдың екінші тоқсанынан бастап 2030 жылдың бірінші тоқсанына дейін.
II. Субсидия беруді қаржылық қамтамасыз ету
2.1. Субсидия мөлшері 34 733 385 (отыз төрт миллион жеті жүз отыз үш мың үщ жүз сексен бес) рубль 59 тиынды, оның ішінде:
2026 жылға: 19 287 063 (он тоғыз миллион екі жүз сексен жеті мың алпыс үш) рубль 89 тиын;
2027 жылға: 7 956 288 (жеті миллион тоғыз жүз елу алты мың екі жүз сексен сегіз) рубль 28 тиын;
2028 жылға: 5 120 989 (бес миллион бір жүз жиырма мың тоғыз жүз сексен тоғыз) рубль 63 тиын;
2029 жылға: 2 251 828 (екі миллион екі жүз елу бір мың сегіз жүз жиырма сегіз) рубль 86 тиын;
2030 жылға: 117 214 (бір жүз он жеті мың екі жүз он төрт) рубль 93 тиынды құрайды.
Осы Келісімді қаржыландыру Одақ бюджеті шығыстарын сыныптаудың 10103050 коды бойынша Комиссияның бюджеттік жазбасында көзделген қаражат шектерінде жүзеге асырылады.
2.2. Келісімді 2026 – 2030 жылдары қаржыландыру Комиссияның 2026 – 2030 жылдарға арналған Одақ бюджетінде тиісті қаржы қаражатын бөлген жағдайда жүзеге асырылатын болады.
Комиссияның Келісімді қаржыландыру үшін қаржы қаражатын бөлмеуі фактісі туралы Комиссия Қаржы ұйымын хабардар етеді.
III. Субсидияны есептеу тәртібі және беру шарттары
3.1. Субсидия Қаржы ұйымының уәкілетті тұлғасы (Қаржы ұйымының уәкілетті тұлғасының тиісті құжаттарға қол қою құқығын куәландыратын сенімхатты қоса бере отырып) қол қойған, осы Келісімнің 3.2-тармағында және Ереженің 34-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, Қаржы ұйымының осы Келісімге № 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия беру туралы өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) Комиссияға ұсынған кезде алынбаған кірістерді өтеуге беріледі.
Субсидия Қаржы ұйымына Комиссия Кеңесінің жобаны мақұлдау туралы шешімінде белгіленген, бірақ кредит бойынша пайыздық мөлшерлемеден артық емес, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 100 пайыз мөлшеріндегі базалық мөлшерлемесінде беріледі.
Жоба бойынша Субсидия мөлшерін есептеу осы Келісімге № 4 қосымшаға сәйкес Кооперациялық жоба бойынша субсидия мөлшерін есептеу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
3.2. Субсидия беру шарты Қаржы ұйымының Комиссияға Қаржы ұйымының уәкілетті тұлғасы (көрсетілген тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып) қол қойған Қаржы ұйымының қарыз алушының (кредит алушының) кредиттік шарт бойынша қаржылық міндеттемелерді орындауы туралы, Кооперациялық жобаның іске асырылу барысы және кооперациялық жобаның іріктеу критерийлеріне сәйкестігіне қатысты талаптардың сақталуы туралы есептерін (Келісімге № 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша) мынадай мерзімдерде Комиссияға ұсынуы болып табылады:
3.2.1. тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-ші жұмыс күнінен кешіктірмей;
3.2.2. жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей (есепті жылдың басынан бастап өспелі қорытындымен жасалады);
3.2.3. __________ж. дейінгі мерзімде Кооперациялық жобаны іске асыру туралы қорытынды есеп;
3.3. Мәлімделген кезең үшін Субсидияны аудару:
3.3.1. осы Келісімнің VII бөлімінде көрсетілген Қаржы ұйымының шотына;
3.3.2. осы Келісімге № 1 қосымшаға сәйкес Субсидия төлемдерінің жоспар-кестесінде айқындалған кезеңділікте және Комиссия Кеңесінің жобаны мақұлдау туралы шешімімен мақұлданған ақша қаражатының шекті көлемі ескеріле отырып жүзеге асырылады.
3.3.3. Қаржы ұйымы Ереженің 34-тармағына сәйкес:
- Өтінішті;
- қарыз алушының (кредит алушының) есептелген пайыздарды (осындай пайыздар болған кезде) нақты төлегенін растайтын құжаттарды;
- ЕАЭО мүше мемлекеттерінің уәкілетті мемлекеттік органдары берген және қарыз алушының (кредит алушының) осы Ереженің 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын анықтамаларды;
- Қаржы ұйымының басшысы қол қойған, кредиттік шарт талаптарының Ереженің 9-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын өтінішті;
- Қаржы ұйымының қарыз алушының (кредит алушының) қаржы қаражатын Ережеге № 2 қосымшада айқындалған мақсаттар тізбесіне сәйкес пайдаланғанын растайтын анықтамасын;
- Комиссия Кеңесінің жобаны мақұлдау туралы шешімінде белгіленген негізгі мөлшерлемеге және осы Келісімге № 4 қосымшада көрсетілген Кооперациялық жоба бойынша Субсидияны есептеу тәртібіне сәйкес мәлімделген кезең үшін Субсидия мөлшерін есептеуді ұсынған кезде.
3.4. Комиссия Ереженің 35-тармағына сәйкес Өтінішті және қоса берілген құжаттар жиынтығын қарайды, олардағы мәліметтердің толықтығын, рәсімделуінің дұрыстығын және құжаттардың жиынтықтылығын тексереді, мәлімделген кезең үшін субсидия беру туралы немесе субсидия беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды және қабылданған шешім туралы Өтініш алынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қаржы ұйымын хабардар етеді.
Комиссияға тиісінше рәсімделмеген немесе толық көлемде емес Өтініш және/немесе құжаттар жиынтығы келіп түскен жағдайда Комиссия мәлімделген кезең үшін субсидия беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды және ұсынылған құжаттарды пысықтау және Комиссияға қайта жіберу мақсатында көрсетілген құжаттарды Қаржы ұйымына кері қайтарады.
Егер қарау нәтижелері бойынша Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар тиісінше рәсімделген және толық көлемде ұсынылған деп танылған болса, Комиссия Субсидия беру туралы шешім қабылдайды және қабылданған шешім туралы Қаржы ұйымын хабардар етеді.
Комиссия Қаржы ұйымының мекенжайында Субсидия беру туралы қабылданған шешім туралы хабарлама тіркелген күннен бастап 8 жұмыс күні ішінде Өтініште көрсетілген мөлшерде мәлімделген кезең үшін Субсидия төлемін жүргізеді.
3.5. Субсидия беруді тоқтату тұру және Комиссияның ақша қаражатын аударуды тоқтату үшін:
3.5.1. Қаржы ұйымының Кооперациялық жобаны іріктеу критерийлеріне сәйкес еместігі туралы хабардар ету;
3.5.2. Қаржы ұйымының қарыз алушының (кредит алушының) кредиттік шарт бойынша қаржылық міндеттемелерді орындауы және Кооперациялық жобаның іріктеу критерийлеріне сәйкестігіне қатысты талаптарды сақтауы туралы есептерді Ереженің 36-тармағында белгіленген мерзімдерде ұсынбауы;
3.5.3. Қаржы ұйымын Кооперациялық жобаға қатысуды тоқтату және Қаржы ұйымын ауыстыру қажеттілігі туралы хабардар ету негіз болып табылады.
IV. Тараптардың өзара іс-қимылы
4.1. Комиссия:
4.1.1. осы Келісімнің III бөліміне сәйкес Субсидия беруді қамтамасыз етуге;
4.1.2. Ережеге сәйкес Қаржы ұйымы ұсынған Өтінішті және құжаттарды олар Комиссияға келіп түскен сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде тексеруді жүзеге асыруға;
4.1.3. осы Келісімнің 3.3-тармағына сәйкес осы Келісімнің VII бөлімінде көрсетілген Қаржы ұйымының шотына Субсидияны аударуды қамтамасыз етуге;
4.1.4. Ереженің 9-тармағының "е" тармақшасында және 36-тармағында көрсетілген Кооперациялық жобаны іске асыру барысы туралы тоқсан сайынғы (жыл сайынғы) есептер негізінде Кооперациялық жобаны іске асыру мониторингін жүзеге асыруға;
4.1.5. Комиссия Қаржы ұйымының осы Келісімде белгіленген міндеттемелерді орындамауы фактісін анықтаған жағдайда осы факті анықталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде бұл туралы Қаржы ұйымын хабардар етуге;
4.1.6. Комиссия:
- Субсидия беруді тоқтата тұру туралы;
- Субсидия беруді қайта бастау туралы шешім қабылдаған күнге дейін 5 жұмыс күні ішінде Қаржы ұйымын хабардар етуге;
4.1.7. Қаржы ұйымы осы Келісімнің 3.5.2-тармағында көрсетілген бұзушылықты жойған жағдайда Комиссия Кеңесі Субсидия беруді тоқтата тұру туралы шешім қабылдағанға дейін Комиссия Қаржы ұйымына Субсидияны аударуды қайта бастауға;
4.1.8. Комиссия Кеңесі Субсидия беруді тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Қаржы ұйымын осы Келісімді бұзу және осы Келісім бұзылған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Қаржы ұйымының Кооперациялық жоба бойынша нақты төленген Субсидия сомасының 100 пайызы мөлшерінде ақшалай қаражатты қайтаруы туралы хабардар етуге;
4.1.9. Қаржы ұйымы жіберген ұсыныстарды, құжаттарды және өзге ақпаратты, оның ішінде осы Келісімнің 4.4.1-тармағына сәйкес оларды алған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде қарауға және Қаржы ұйымын қабылданған шешім туралы хабардар етуге;
4.1.10. осы Келісімнің 4.4.2-тармағына сәйкес Қаржы ұйымы өтінішті алған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде Қаржы ұйымына осы Келісімді орындауға байланысты мәселелер бойынша түсіндірмені жіберуге;
4.1.11. Ережеде көзделген өзге міндеттемелерді орындауға міндеттеледі.
4.2. Комиссия:
4.2.1. Ережеге және Комиссия Кеңесінің шешімдеріне сәйкес осы Келісімнің шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдауға;
4.2.2. Қаржы ұйымынан Ережеде және осы Келісімде белгіленген Субсидия беру тәртібі мен шарттарын Қаржы ұйымының сақтауын бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті, Ереженің 34 және 36-тармақтарында көзделген құжаттар мен ақпаратты сұратуға;
4.2.3. Комиссия Кеңесі Субсидия беруді қайта бастау туралы шешім қабылдағанға дейін Ереженің 46-тармағына сәйкес:
- Қаржы ұйымын Кооперациялық жобаның іріктеу критерийлеріне сәйкес келмеуі және осы мәселені шешу қажеттілігі туралы хабардар ету;
- Қаржы ұйымының қарыз алушының (кредит алушының) кредиттік шарт бойынша қаржылық міндеттемелерді орындауы және Кооперациялық жобаның іріктеу критерийлеріне сәйкестігіне қатысты талаптарды сақтауы туралы Ереженің 36-тармағында белгіленген мерзімдерде ұсынбауы;
- Қаржы ұйымын Кооперациялық жобаға қатысуды тоқтату және қарды ұйымын ауыстыру қажеттілігі туралы хабардар ету негізде ақша қаражатын аударуды тоқтатуға құқылы.
4.3. Қаржы ұйымы:
4.3.1. Комиссияға осы Келісімнің 3.2-тармағында және Ереженің 34-тармағында көзделген құжаттарды жіберуге;
4.3.2. Қаржы ұйымының уәкілетті тұлғасы (көрсетілген тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып) қол қойған есептерді (осы Келісімге № 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-ші жұмыс күнінен кешіктірмей:
4.3.2.1. қарыз алушының (кредит алушыныі) кредиттік шарт бойынша қаржылық міндеттемелерді орындауы туралы есепті;
4.3.2.2. Кооперациялық жобаның іске асырылу барысы туралы есепті (есепті жылдың басынан бастап өспелі қорытындымен жасалады);
4.3.2.3. Кооперациялық жобаның іріктеу критерийлеріне сәйкестігіне қатысты талаптардың сақталуы туралы, оның ішінде Комиссия Кеңесінің жобаны мақұлдау туралы шешіміне қоса берілетін Кооперациялық жоба паспортында көрсетілген ЕАЭО мүше мемлекеттері өндірушілерінің қатысуын қамтамасыз ету туралы есепті;
4.3.3. жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей Комиссияға Қаржы ұйымының уәкілетті тұлғасы (көрсетілген тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып) қол қойған есептерді (осы Келісімге № 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша):
4.3.3.1. қарыз алушының (кредит алушының) кредиттік шарт бойынша қаржылық міндеттемелерді орындауы туралы есепті;
4.3.3.2. Кооперациялық жобаның іске асырылу барысы туралы есепті (есепті жылдың басынан бастап өспелі қорытындымен жасалады);
4.3.3.3. Коопперациялық жобаның іріктеу критерийлеріне сәйкестігіне қатысты талаптардың сақталуы туралы есепті Комиссияға ұсынуға;
4.3.4. Қаржы ұйымының уәкілетті тұлғасы (көрсетілген тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып) қол қойған Кооперациялық жобаны іске асыру туралы қорытынды есепті (Келісімге № 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша) Кооперациялық жоба аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде Комиссияға ұсынуға.
4.3.5. Ереженің 27-тармағының "б" тармақшасына сәйкес Кооперациялық жобаның іріктеу критерийлеріне сәйкестігінің сақталуына мониторингті қамтамасыз етуге;
4.3.6. Ереженің 27-тармағының "д" тармақшасына сәйкес қарыз алушының (кредит алушының), оның ішінде Кооперациялық жобаны сүйемелдеу механизмін қолдананумен ақша қаражатын нысаналы пайдалануына маниторингті (бақылауды) жүзеге асыруға;
4.3.7. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 22-бабына сәйкес мүше мемлекеттердің мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жүргізетін сыртқы аудитті (бақылауды) жүзеге асыру үшін Комиссияның сұрау салуы бойынша қарыз алушының (кредит алушының) қаржыландыруды нысаналы пайдалануын және Кооперациялық жобаның іріктеу критерийлеріне сәйкестігін растайтын құжаттарды 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынуға;
4.3.8. Келісімнің 4.3.2. – 4.3.4-тармақтарында көзделген, Субсидия беру тәртібі мен талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті есептерді жіберуге;
4.3.9. осы Келісімнің 4.1.8-тармағына сәйкес Комиссиядан хабарлама алған жағдайда көрсетілген хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Кооперациялық жоба бойынша нақты төленген субсидия сомасының 100 пайызы мөлшерінде Одақ бюджетіне қайтаруға;
4.3.10. осы Келісімге сәйкес Комиссияға ұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге;
4.3.11. Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына және Ережеге сәйкес мынадай міндеттемелерді орындауға:
- қарыз алушының (кредит алушының) осы Келісімде және Ережеде көзделген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруға;
- осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында жасалатын кредиттік шартқа (келісімге) Ереженің V бөлімінде көзделген ережелерді қосуға;
4.3.12. Комиссия Кеңесі Субсидия беруді тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 6 ай ішінде анықталған бұзушылықтарды жоюға міндеттеледі.
4.4. Қаржы ұйымы:
4.4.1. Комиссияға Ереженің 24-тармағына сәйкес Келісімге өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жіберуге;
4.4.2. осы Келісімді орындауға байланысты түсіндірмелерді алу мақсатында Комиссияға жүгінуге;
4.4.3. Комиссияға, оның ішінде Кооперациялық жобаны іске асыру барысында қарыз алушының Ереженің 25 және 26-тармақтарына сәйкес Кооперациялық жобаның паспортына өзгерістер енгізу туралы дәлелді өтініш беруіне;
4.4.4. Ережеге сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
V. Тараптардың жауапкершілігі, дауды қарау тәртібі мен орны
5.1. Қаржы ұйымы Келісімнің 4.3.5 – 4.3.8 және 4.3.10-тармақтарында көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Ереженің 48 және 49-тармақтарында көрсетілген негіздер болған кезде, сондай-ақ Ережеде көзделген өзге негіздер болған кезде Қаржы ұйымы Ереженің 50-тармағында айқындалған тәртіпке сәйкес Кооперациялық жоба бойынша нақты төленген Субсидия сомасысының 100 пайызы мөлшерінде ақшалай қаражатты Келісімде көзделген тәртіпте және мерзімде осы Келісімнің VII бөлімінде көрсетілген Комиссия шотына көрсетілген ақшалай қаражатты аудару арқылы Одақ бюджетіне қайтарады.
5.2. Осы Келісімді орындауға байланысты Тараптар арасында туындайтын дауларды олар, мүмкіндігінше, тиісті хаттамаларды немесе өзге құжаттарды рәсімдеумен келіссөздер жүргізу арқылы шешеді.
5.3. Дауларды Келісімде көзделген тәртіпте реттеу мүмкін болмаған жағдайда дауды шешу Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес Мәскеу қаласының Төрелік сотында сот тәртібінде жүзеге асырылады.
5.4. Қаржы ұйымы Ережеге сәйкес Комиссияға ұсынылатын мәліметтердің дұрыстығына жауапкершілік алады.
VI. Қорытынды ережелер
6.1. Осы Келісімді, оның ішінде осы Келісімнің 4.2.1-тармағының ережелеріне сәйкес өзгерту Тараптардың келісуі бойынша жүзеге асырылады және осы Келісімге қосымша келісім түрінде рәсімделеді.
6.2. Осы Келісімді бұзу Тараптардың келісуі бойынша немесе осы Келісімнің 6.3-тармағында айқындалған жағдайларда біржақты тәртіппен жүзеге асырылады.
6.3. Осы Келісім мынадай:
6.3.1. Қаржы ұйымы қайта ұйымдастырылған, таратылған немесе қызметін тоқтатқан;
6.3.2. Қаржы ұйымы Ережеде және осы Келісімде белгіленген Субсидия беру тәртібі мен талаптарын бұзған жағдайларда, сондай-ақ Комиссия Кеңесінің шешімі бойынша біржақты тәртіппен бұзылуы ықтимал
6.4. Осы Келісімді Қаржы ұйымының біржақты тәртіппен бұзуына жол берілмейді.
6.5. Осы Келісімде көзделген құжаттар мен өзге ақпаратты Тараптар:
6.5.1. жазбаша түрде қағаз тасымалдағышта және/немесе электрондық файл нысанында электрондық тасымалдағышта Тараптардың бірінің уәкілетті тұлғасына (тұлғаларына) шифрлауды қолданумен оның тұтастығын бұзбай құжаттардың немесе электрондық тасымалдағыштардың мазмұнын қарауды болдырмайтын қаптамада төмендегі мекенжай(-лар) бойынша: ____________________, _______________ (уәкілетті тұлға) назарына немесе Тарап ХХХХХХХХХ мекенжай(-лар)ы бойынша жіберген хабарламада көрсетілген өзге мекенжай(-лар) бойынша қолдан-қолға не курьер арқылы.
Құжаттарды беру кезінде Тараптар берілетін ақпараттың тізбесі мен оны беру тасымалдағышы міндетті түрде көрсетілетін акт жасауға және оған қол қоюға міндетті.
6.5.2. ____________ (уәкілетті тұлға(-лар) назарына шифрлауды пайдалана отырып __________________ e-mail-ға жіберілген электрондық хабар нысанында жібереді.
6.6. Келісім 3 данада жасалады. Бір данасы – Қаржы ұйымына, екі данасы – Комиссияға.
6.7. Осы Келісімге:
6.7.1. Субсидияны аудару жоспар-кестесі (№ 1 қосымша);
6.7.2. Қарыз алушының (кредит алушының) кредиттік шарт бойынша қаржылық міндеттемелерді орындауы туралы, Кооперациялық жобаны іске асыру барысы және Кооперациялық жобаның іріктеу критерийлеріне сәйкестігіне қатысты талаптардың сақталуы туралы есептер нысандары (№ 2 қосымша);
6.7.3. Өтініш нысаны (№ 3 қосымша);
6.7.4. Мәлімделген кезең үшін кооперациялық жоба бойынша субсидия мөлшерін есептеу тәртібі (№ 4 қосымша) қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады
VII. Тараптардың деректемелері және қолтаңбалары
Еуразиялық экономикалық комиссия "Өнеркәсіпті дамыту қоры"
Акционерлік қоғамы
Субсидияны аудару жоспар-кестесі
Субсидия берілетін жыл | Субсидияны аудару кезеңі |
Сомасы |
2026 ж. | 2026 1-тоқсаны | 0 |
2026 2-тоқсаны | 14 194 075,61 | |
2026 3-тоқсаны | 2 636 684,51 | |
2026 4-тоқсаны | 2 456 303,77 | |
2026 ж. үшін жиыны: | - | 19 287 063,89 |
2027 ж. | 2027 1-тоқсаны | 2 227 083,47 |
2027 2-тоқсаны | 2 074 052,89 | |
2027 3-тоқсаны | 1 917 766,33 | |
2027 4-тоқсаны | 1 737 385,59 | |
2027 ж. үшін жиыны: | - | 7 956 288,28 |
2028 ж. | 2028 1-тоқсаны | 1 540 725,01 |
2028 2-тоқсаны | 1 362 949,04 | |
2028 3-тоқсаны | 1 198 848,16 | |
2028 4-тоқсаны | 1 018 467,42 | |
2028 ж. үшін жиыны: | - | 5 120 989,63 |
2029 ж. | 2029 1-тоқсаны | 820 504,45 |
2029 2-тоқсаны | 651 845,19 | |
2029 3-тоқсаны | 479 929,98 | |
2029 4-тоқсаны | 299 549,24 | |
2029 ж. үшін жиыны: | - | 2 251 828,86 |
2030 ж. | 1 кв. 2030 1-тоқсаны | 117 214,93 |
2030 ж. үшін жиыны: | - | 117 214,93 |
Қарыз алушының (кредит алушының) кредиттік шарт бойынша қаржылық міндеттемелерді орындауы туралы, Кооперациялық жобаны іске асыру барысы және Кооперациялық жобаның іріктеу критерийлеріне сәйкестігіне қатысты талаптардың сақталуы туралы есептер НЫСАНДАРЫ
(нысан)
(_________ бастап __________ дейін) кезең үшін
қарыз алушының кредиттік шарт бойынша
қаржылық міндеттемелерді орындауы туралы
ЕСЕП
____________________ (қарыз алушының (кредит алушының) атауы) ________________ №_______ кредиттік шарт бойынша __________ қаржылық міндеттемелерді орындауы:
- толық көлемде орындалды / толық көлемде орындалмады (өтеу мерзімі өткен несиелік берешек және төлемнің (айыппұлдың, өсімақының %-ы көрсетіледі).
қаржы ұйымының |
уәкілетті тұлғаның қолы |
қолтаңбаның |
лауазымы | осы құжатқа қол қою өкілеттігін куәландыратын құжаттың №, күні және атауы (егер қол қоюшы жекеше атқарушы орган емес болып табылса) |
МО
"__" ______ 20__ ж.
(нысан)
(_________ бастап __________ дейін) кезең үшін
Кооперациялық жобаны іске асыру барысы және
Кооперациялық жобаның іріктеу критерийлеріне
сәйкестігіне қатысты талаптардың сақталуы туралы
ЕСЕП
1. Қарыз алушы (атауы, заңды мекенжайы):
__________________________________________________________________________
2. Кооперациялық жобаның толық атауы және оның қысқаша сипаттамасы (өзгерістер болғанын немесе өзгеріссіз екенін көрсету):
___________________________________________________________________________
3. Кооперациялық жобаны іске асыру орны (өзгерістер болғанын немесе өзгеріссіз екенін көрсету):
___________________________________________________________________________
4. Кооперациялық жобаға қатысушылар саны және олар туралы мәліметтер (өзгерістер болғанын немесе өзгеріссіз екенін көрсету):
___________________________________________________________________________
5. Кооперациялық жоба бойынша әрбір қатысушы үшін кооперациялық ынтымақтастықтың түрлері:
![]()
Ел (жеткізуші резиденті болып табылатын ел көрсетіледі) | Жеткі-зуші | Жеткізу туралы құжат (шарт, келісім, келісімшарт | Тауардың атауы / Шығу тегі туралы сертификат | Шарт бойынша жеткізудің шекті көлемі, руб. | Жеткі-зудің нақты көлемі |
⃞ кооперациялық жобаны іске асыруға мүліктік жарна енгізу - __ кооперациялық жоба құнының __ %-ы (көлемі Ресей рублімен);
![]()
Ел | Жеткі-зуші | Жеткізу туралы құжат (шарт, келісім, келісімшарт | Тауардың атауы / Шығу тегі туралы сертификат | Шарт бойынша жеткізудің шекті көлемі, руб. | Жеткі-зудің нақты көлемі |
![]()
1. Кооперациялық жоба шеңберінде өндірілетін өнім Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік аумағынан шығарылатын болып есептеледі:
![]()
![]()
2. Кооперациялық жобаны іске асыру кезінде қамтамасыз етіледі:
![]()
![]()
![]()
![]()
3. Кооперациялық жобаны іске асыру мерзімі – (өтініштен мерзімі, сондай-ақ жобаның кесте бойынша іске асырылуы (іске асырылған сатылары көрсетіледі)/іске асыруда жылжудың болуы, қандай мерзімге екені көрсетіледі, негізгі құжаттарды қоса берумен жылжу себебін көрсету);
4. Жобаны қаржыландырудың жалпы құны және құрылымы:
инвестициялардың қажетті көлемі (кредиттік шарттың валютасы):
- кооперациялық жобаның құны - ____ млн.руб., оның ішінде банк берген несие қаражаты - _____ млн.руб.;
- бірлескен инвестордың болуы:
![]()
![]()
5. Кооперациялық жобаның іріктеу критерийлеріне сәйкестігіне қатысты талаптардың сақталуы:
Кооперациялық жобаны 3 және одан көп мүше мемлекеттің кооперациялық жобаға қатысушылары іске асырады. Кооперациялық жобаны іске асыруға қатысу (оның ішінде бірлескен кәсіпорын құру арқылы) |
Сәйкес келеді / Сәйкес келмейді |
Кооперациялық жоба кооперациялық жобаға қатысушы ынтымақтастықтың келесі түрлерінің бірінің орындалуын растаған жағдайда жүзеге асырылады |
Сәйкес келеді / Сәйкес келмейді |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 105 шешімімен немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары туралы 2009 жылғы 20 қарашадағы келісіммен бекітілген мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына сәйкес кооперациялық жоба шеңберінде өндірілетін өнім Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттен шыққан деп танылады |
Сәйкес келеді / Сәйкес келмейді |
При реализации кооперационного проекта обеспечивается достижение следующих результатов (одного или нескольких) |
Сәйкес келеді / Сәйкес келмейді |
Срок реализации кооперационного проекта не более 5 лет |
Сәйкес келеді / Сәйкес келмейді |
қаржы ұйымының |
уәкілетті тұлғаның қолы |
қолтаңбаның |
лауазымы | осы құжатқа қол қою өкілеттігін куәландыратын құжаттың №, күні және атауы (егер қол қоюшы жекеше атқарушы орган емес болып табылса) |
МО
"__" ______ 20__ ж.
Субсидия беру туралы өтініш нысаны
(нысан)
Субсидия беру туралы өтініш | |
Келісімнің деректемелері | № |
күні | |
Қарыз алушының қаржыландыру валютасында төлеген пайыздары сомасы | сомасы цифрмен және жазбаша |
Кредит шартының талаптары бойынша пайыздарды төлеу күні | күні |
Қарыз алушының пайыздарды нақты төлеген күні | күні |
Жеңілдікті пайыздық мөлшерлеме, жылдық % | % |
Субсидияланатын мөлшерлеме | % |
Субсидия сомасы, рубль | сомасы цифрмен және жазбаша |
қаржы ұйымының |
уәкілетті тұлғаның қолы |
қолтаңбаның |
лауазымы | осы құжатқа қол қою өкілеттігін куәландыратын құжаттың №, күні және атауы (егер қол қоюшы жекеше атқарушы орган емес болып табылса) |
"_" ______ 20__ ж.
Мәлімделген кезең үшін кооперациялық жоба бойынша субсидия мөлшерін есептеу тәртібі
Мәлімделген кезең үшін кооперациялық жоба (С) бойынша субсидияның мөлшері мына формула бойынша есептеледі:
С = ДФ × (СС / С%),
мұндағы:
ДФ – қарыз алушының кредит қаражатын пайдалануының мәлімделген кезеңінде қарыз алушы (кредит алушы) үшін жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемені негізге ала отырып Ресей рублінде есептелген қаржы ұйымы табысының (пайыздық төлемдердің) нақты сомасы;
СС – Ресей Федерациясы Ұлттық банкінің негізгі мөлшерлемесі мөлшерінде айқындалған және Еуразиялық экономикалық крмиссия Кеңесінің кооперациялық жобаны мақұлдау және қаржы ұйымына субсидия беру туралы 20__ жылғы _______________ №______ шешімінде белгіленген субсидияланатын мөлшерлеме;
С% – қаржы ұйымының кірісі есептелетін жеңілдетілген пайыздық мөлшерлеменің мөлшері.