Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне тұқымдық картопқа қатысты өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 3 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 43 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 7 және 16-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының "Еуразиялық экономикалық одақты бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы" 2009 жылғы 27 қарашадағы №130 шешімінің 7-тармағы мынадай мазмұндағы 7.1.78-тармақшамен толықтырылсын:

      "7.1.78. ЕАЭО СЭҚ ТН 0701 10 000 0 кодымен сыныпталатын, Қырғыз Республикасына 1 790 тоннадан аспайтын көлемде әкелінетін "Е" (Элита) және "А" (бірінші репродукция) тұқымдық санаттағы картоп.

      Көрсетілген тарифтік жеңілдік Қырғыз Республикасының ауыл шаруашылығы саясаты саласындағы уәкілетті атқарушы билік органы берген және осындай тауарлардың номенклатурасы, саны, құны, сондай-ақ оларды әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы мәліметтерді қамтитын құжат Қырғыз Республикасының кеден органына ұсынылған жағдайда беріледі.

      Осы тармақта көзделген тарифтік жеңілдік оларға қатысты тауарларға арналған декларация, ал тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарлар шығарылған жағдайда – тауарларды шығару туралы өтініш тауарларға арналған декларация берілгенге дейін Қырғыз Республикасының кеден органы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 3 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2025 жылғы 30 маусымға дейін тіркеген, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналасқан) тауарларға қатысты беріледі.

      Осы тармаққа сәйкес тарифтік жеңілдік оларға қатысты қолданылған тауарларды тек Қырғыз Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етіледі.".

      2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 728 шешімімен бекітілген Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде кедендік баждарды төлеуден босатуды қолдану тәртібінің 15-тармағындағы "7.1.77" деген цифрлар "7.1.78" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

М. Григорян И. Петришенко С. Жұманғарин Д. Амангельдиев А. Оверчук


О внесении изменений в некоторые решения Комиссии Таможенного союза в отношении картофеля семенного

Решение Совета Евразийской экономической комиссии от 22 января 2025 года № 3.

      В соответствии статьями 43 и 45 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года, пунктом 16 Положения о Евразийской экономической комиссии (приложение № 1 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года), пунктами 7 и 16 приложения № 1 к Регламенту работы Евразийской экономической комиссии, утвержденному Решением Высшего Евразийского экономического совета от 23 декабря 2014 г. № 98, Совет Евразийской экономической комиссии решил:

      1. Пункт 7 Решения Комиссии Таможенного союза от 27 ноября 2009 г. № 130 "О едином таможенно-тарифном регулировании Евразийского экономического союза" дополнить подпунктом 7.1.78 следующего содержания:

      "7.1.78. Картофель семенной категорий "Е" (Элита) и "А" (первая репродукция), классифицируемый кодом 0701 10 000 0 ТН ВЭД ЕАЭС, ввозимый в объеме не более 1 790 тонн в Кыргызскую Республику.

      Указанная тарифная льгота предоставляется при условии представления в таможенный орган Кыргызской Республики документа, выданного органом исполнительной власти Кыргызской Республики, уполномоченным в сфере сельскохозяйственной политики, и содержащего сведения о номенклатуре, количестве, стоимости таких товаров, а также об организациях, осуществляющих их ввоз.

      Тарифная льгота, предусмотренная настоящим пунктом, предоставляется в отношении товаров, помещаемых (помещенных) под таможенную процедуру выпуска для внутреннего потребления, в отношении которых декларация на товары, а в случае выпуска товаров до подачи декларации на товары – заявление о выпуске товаров до подачи декларации на товары зарегистрированы таможенным органом Кыргызской Республики с даты вступления в силу Решения Совета Евразийской экономической комиссии от 22 января 2025 г. № 3 по 30 июня 2025 г. включительно.

      Товары, в отношении которых применена тарифная льгота в соответствии с настоящим пунктом, допускается использовать исключительно на территории Кыргызской Республики.".

      2. В пункте 15 Порядка применения освобождения от уплаты таможенных пошлин при ввозе отдельных категорий товаров на единую таможенную территорию Таможенного союза, утвержденного Решением Комиссии Таможенного союза от 15 июля 2011 г. № 728, цифры "7.1.77" заменить цифрами "7.1.78".

      3. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 10 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Члены Совета Евразийской экономической комиссии:

От Республики
Армения
От Республики
Беларусь
От Республики
Казахстан
От Кыргызской
Республики
От Российской
Федерации
М. Григорян И. Петришенко С. Жумангарин Д. Амангельдиев А. Оверчук