Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 43-тармағының 15-тармақшасына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы шешті:
1. 2015 жылғы 5 мамырдағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 46 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссиядағы ішкі құжат айналымы қағидаларының 61-тармағына келесі өзгерістер енгізілсін:
"-ге өзгерістер енгізу туралы" сөздерінен кейін "Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар," сөздерімен толықтырылсын;
"әрбір өзгерісті негіздей отырып" сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |