2025 жылғы 11 желтоқсандағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "2025 жылғы 17 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 101 Шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 7 Шешімінің және Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың 90-тармағының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. 2025 жылғы 17 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін графиттелген электродтарға қатысты демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы" № 101 Шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
| 2025 жылғы 16 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 130 Шешіміне ҚОСЫМША |
2025 жылғы 17 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 101 Шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 1-тармақта:
"Еуразиялық экономикалық одақтың" сөздерінен кейін "(әрі қарай – Одақ)" сөздерімен толықтырылсын;
"ЕАЭО СЭҚ ТН" сөздерінен кейін "(әрі қарай – графиттелген электродтар)" сөздерімен толықтырылсын.
2. Келесі мазмұндағы 11 – 13 тармақтарымен толықтырылсын:
"11. Liaoning Dantan New Materials Co., Ltd. өндірушісі қабылдаған баға міндеттемелері мақұлдансын (міндеттемелер ұсынылған хаттың Еуразиялық экономикалық комиссияда тіркелген күні мен нөмірі: 2025 жылғы 8 желтоқсан, № ДЗВР-427конф/AD-40).
12. Декларантта тауарларға арналған декларация тіркелген күнге № 11 қосымшаға сәйкес нысан бойынша, аталған өндірушінің уәкілетті қызметкері қол қойған және осы өндірушінің мөрімен расталған өндіруші сертификаты болса және мұндай сертификат туралы мәліметтер тауарларға арналған декларацияда мәлімделген жағдайда осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баж Liaoning Dantan New Materials Co., Ltd. өндірушісі өндіретін графиттелген электродтарға қатысты алынбайды,.
13. Осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баж Одақтың кедендік аумағына графиттелген электродтарды жыл сайынғы көлемдер шегінде (баға міндеттемелері шеңберінен тыс) әкелу кезінде декларантта тауарларға арналған декларация тіркелген күнге мүше мемлекеттің уәкілетті атқарушы билік органы берген графиттелген электродтардың мақсатты пайдаланылуын растайтын және әкелінетін тауардың саны туралы мәліметтерді қамтитын құжат болған жағдайда алынбайтыны белгіленсін: Армения Республикасы үшін – 700 тонна, Беларусь Республикасы үшін – 1000 тонна (тауарларды өндіру кезінде пайдалануға арналған графиттелген электродтарға қатысты) және Қазақстан Республикасы үшін – 1000 тонна. Мұндай құжат туралы мәліметтер тауарларға арналған декларацияда мәлімделуге жатады.".
3. 2-тармақта "Еуразиялық экономикалық одақтың" сөздерін "Одақтың" сөзімен алмастырылсын.
4. 3-тармақ келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласында уәкілетті мемлекеттік органдарына Liaoning Dantan New Materials Co., Ltd. өндірушісінің уәкілетті қызметкерлерінің қолтаңбаларының үлгілерін және мөр бедерлерінің үлгілерін жіберу;
осы Шешіммен мақұлданған баға міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру.".
5. Келесі мазмұндағы № 11 қосымшамен толықтырылсын:
| "2025 жылғы 17 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 101 Шешіміне № 11 ҚОСЫМША |
(нысан)
ӨНДІРУШІ СЕРТИФИКАТЫ
1. Өндіруші (атауы, мекенжайы) | 2. Сертификаттың нөмірі және берілген күні | ||||
3. Экспортер (атауы, мекенжайы) | ӨНДІРУШІ СЕРТИФИКАТЫ | ||||
4. Межелі ел | |||||
5. Импорттаушы – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің резиденті (атауы, мекенжайы) | 6. Инвойс (нөмірі, күні) | ||||
7. ЕАЭО СЭҚ ТН коды | 8. Көлік құралының нөмірі | ||||
9. Тауар туралы мәліметтер | |||||
№ | Тауардың сипаты, басқа да ескертпелер (міндеттемелерге сәйкес тауар түрлері көрсетіледі) | Таза салмағы (тонна) | Бағасы (АҚШ доллары) | Құны (АҚШ доллары) | |
10. Мен, төменде қол қоюшы, осы сертификаттың 9-тармағында көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспорттау мақсатында сату қабылданған міндеттемелер сақтала отырып жасалатынын растаймын. Мен осы сертификатта көрсетілген мәліметтер толық әрі дәл екенін растаймын. | |||||
Ескертпелер:
1. Сертификаттың орыс немесе ағылшын тілінде толтырылатын 1 және 3-тармақтарын қоспағанда, сертификат орыс тілінде баспа тәсілімен толтырылады.
2. Сертификаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап күнтізбелік 90 күнді құрайды.
3. Сертификаттың 4-тармағында Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес межелі ел көрсетіледі.
4. Сертификаттың 6-тармағында кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын инвойстың нөмірі мен күні көрсетіледі.
5. Сертификаттың 8-тармағында тауар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін көлік құралының тіркеу нөмірі көрсетіледі.
6. Сертификаттың 9-тармағында тауардың бір данасы үшін бағасы және міндеттемелерде көзделген сату схемасына сәйкес тауарды сатып алушы іс жүзінде төлеген немесе төлеуге тиіс тауардың құны цифрлармен көрсетіледі.
7. Түзетулер және (немесе) толықтырулар қате ақпаратты сызып тастау және түзетілген мәліметтерді басу арқылы сертификатқа енгізіледі, ол өндірушінің мөрімен куәландырылады.
8. Сертификатта адамдардың қолының факсимилесін пайдалануға, сондай-ақ осы ескертпелердің 7-тармағында көрсетілген тәртіппен куәландырылмаған өшірулердің, түзетулердің және (немесе) толықтырулардың болуына жол берілмейді.
9. Сертификат
сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған;
сертификат нысаны осы қосымшада көзделген нысанға сәйкес келмеген және (немесе) сертификат осы ескертпелердің 1 – 8-тармақтарының талаптарына сәйкес толтырылмаған;
сертификатта көрсетілген мәліметтер тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге сәйкес келмеген және (немесе) тауарды бірмәнді сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік бермеген;
сертификатқа қойылған қол және (немесе) мөр кеден органындағы қолдардың және (немесе) мөр бедерлерінің үлгілеріне сәйкес келмеген жағдайларда жарамсыз деп танылады.".