Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. 2015 жылғы 14 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесінің VII бөлімі мынадай мазмұндағы 382-тармақпен толықтырылсын:
"382. Еуразиялық экономикалық одақтың химиялық заттектер мен қоспалар тізілімін қалыптастыру және жүргізу | 2027 жылдың І тоқсаны". |
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
| Еуразиялық экономикалық | |
| комиссия Алқасының төрағасы | Б. Сағынтаев |