2023 жылғы 25 желтоқсандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің (әрі қарай – Келісім) 2.3-бабына, Келісімге 1-қосымшаның 1-секциясына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 35-бабына сәйкес және және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2024 жылғы 29 қарашадағы № 23 тапсырмасын орындау үшін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Иран Ислам Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (әрі қарай – мүше мемлекеттер) аумағына әкелінетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты тарифтік квоталар (бұдан әрі – тарифтік квоталар) Келісімге сәйкес 2026 жылға арналған мөлшерлері № 1 қосымшаға, 2027 жылға арналған мөлшерлері № 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы Шешімге № 1 және 2 қосымшаларда көрсетілген тарифтік квоталар мөлшерлері шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген лицензия болған кезде және Келісімде белгіленген еркін сауда режимін ұсыну шарттары сақталған кезде кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде кедендік әкелу бажының ставкасы қолданылсын;
тарифтік квоталар осы Шешімнің № 1 және 2 қосымшаларында көрсетілген, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты қолданылсын;
осы Шешімге № 1 және 2 қосымшаларында көрсетілген тарифтік квоталар көлемінен асып кететін мөлшерде тауарларды әкелу кезінде немесе Келісімде белгіленген еркін сауда режимін ұсыну шарттары сақталмаған кезде 2025 жылғы 14 қаңтардағы Еуразиялық экономикалық одақтың № 1 Шешіміне сәйкес кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылады деп белгіленсін.
3. Мүше мемлекеттер:
өз заңнамасына сәйкес сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында осы Шешімнің № 1 және 2 қосымшаларында көрсетілген тарифтік квоталар мөлшерлерін бөлуді жүзеге асырсын;
атқарушы биліктің уәкілетті органдарына осы Шешімнің № 1 және 2 қосымшаларында көрсетілген тауарлар импортына лицензиялар беруді жүзеге асыруды тапсырсын;
осы Шешіммен орнатылатын тарифтік квоталардың көлемдерін өзгерту қажеттілігі туындаған жағдайда Осы Шешімге тиісті өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына ұсынсын.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
| 2025 жылғы 26 қарашадағы | |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 110 Шешіміне | |
| № 1 ҚОСЫМША |
2023 жылғы 25 желтоқсандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы Еркін сауда туралы келісімге сәйкес Иран Ислам Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелінетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты 2026 жылға арналған тарифтік квоталардың КӨЛЕМДЕРІ
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Тарифтік квоталардың көлемдері (тонна) | |||||
барлығы | Армения Республикасы | Беларусь Республикасы | Қазақстан Республикасы | Қырғыз Республикасы | Ресей Федерациясы | ||
Жас, салқындатылған немесе мұздатылған үйде өсірілген тауықтардың еті мен қосалқы тағамдық өнімдері (Gallus domesticus) | 0207 11 100 9, 0207 11 300 9, 0207 11 900 9, 0207 12 100 9, 0207 12 900 9, 0207 13 100 9, 0207 13 200 9, 0207 13 300 9, 0207 13 400 9, 0207 13 500 9, 0207 13 600 9, 0207 13 700 9, 0207 13 910 9, 0207 13 990 9, 0207 14 100 9, 0207 14 200 9, 0207 14 300 9, 0207 14 400 9, 0207 14 500 9, 0207 14 600 9, 0207 14 700 9, 0207 14 910 9, 0207 14 990 9 | 5 000 | 1 000 | 1 000 | 1 000 | 1 000 | 1 000 |
Жас немесе салқындатылған картоп, тұқымдықтан басқа | 0701 90 100 0, 0701 90 500 0, 0701 90 900 0 | 20 000 | 53 | 157 | 1 021 | 1 | 18 768 |
Жас немесе салқындатылған қызанақ | 0702 00 000 1, 0702 00 000 2, 0702 00 000 3, 0702 00 000 4, 0702 00 000 5, 0702 00 000 6, 0702 00 000 7, 0702 00 000 9 | 33 000 | 364 | 4 729 | 1 022 | 125 | 26 760 |
Жас немесе салқындатылған қауданды қырыққабаттың, кольрабидің, жапырақты қырыққабаттың және соларға ұқсас жеуге жарамды Brassica тұқымдасына жататын көкөністердің жекелеген түрлері | 0704 90 100 1, 0704 90 100 9, 0704 90 800 0 | 15 000 | 388 | 1 445 | 182 | 26 | 12 959 |
Жас немесе салқындатылған сәбіс және шалқан | 0706 10 000 1, 0706 10 000 9 | 10 000 | 257 | 64 | 13 | 1 | 9 665 |
Жас немесе салқындатылған асхана қызылшасы, қойжелкек, тамырлы балдыркөк, шалғам және соларға ұқсас басқа да жеуге жарамды тамыр дақылдары | 0706 90 100 0, 0706 90 300 0, 0706 90 900 1, 0706 90 900 9 | 10 000 | 54 | 1 224 | 106 | 7 | 8 609 |
Жас немесе салқындатылған қияр мен корнишондар | 0707 00 050 1, 0707 00 050 2, 0707 00 050 3, 0707 00 050 4, 0707 00 050 5, 0707 00 050 6, 0707 00 050 9, 0707 00 900 0 | 43 000 | 1 791 | 1 127 | 2 404 | 280 | 37 398 |
Жас алмалар | 0808 10 100 0, 0808 10 800 1, 0808 10 800 2, 0808 10 800 3, 0808 10 800 5, 0808 10 800 6, 0808 10 800 7, 0808 10 800 8 | 140 000 | 308 | 32 797 | 18 188 | 2 044 | 86 663 |
Сіркесу немесе сірке қышқылын қоспай дайындалған немесе консервіленген өзге де қызанақтар | 2002 90 110 0, 2002 90 190 0, 2002 90 310 0, 2002 90 390 0, 2002 90 910 0, 2002 90 990 0 | 20 000 | 365 | 188 | 2 920 | 108 | 16 419 |
| 2025 жылғы 26 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 110 Шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
2023 жылғы 25 желтоқсандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы Еркін сауда туралы келісімге сәйкес Иран Ислам Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелінетін Жас, салқындатылған немесе мұздатылған үйде өсірілген тауықтардың еті мен қосалқы тағамдық өнімдерінің (Gallus domesticus) жекелеген түрлеріне қатысты 2026 жылға арналған тарифтік квоталардың КӨЛЕМДЕРІ
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Тарифтік квоталардың көлемдері (тонна) | |||||
барлығы | Армения Республикасы | Беларусь Республикасы | Қазақстан Республикасы | Қырғыз Республикасы | Ресей Федерациясы | ||
Жас, салқындатылған немесе мұздатылған үйде өсірілген тауықтардың еті мен қосалқы тағамдық өнімдері (Gallus domesticus) | 0207 11 100 9, 0207 11 300 9, 0207 11 900 9, 0207 12 100 9, 0207 12 900 9, 0207 13 100 9, 0207 13 200 9, 0207 13 300 9, 0207 13 400 9, 0207 13 500 9, 0207 13 600 9, 0207 13 700 9, 0207 13 910 9, 0207 13 990 9, 0207 14 100 9, 0207 14 200 9, 0207 14 300 9, 0207 14 400 9, 0207 14 500 9, 0207 14 600 9, 0207 14 700 9, 0207 14 910 9, 0207 14 990 9 | 5 000 | 1 000 | 1 000 | 1 000 | 1 000 | 1 000 |