Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) (әрі қарай – Хаттама) 107-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қытай Халық Республикасынан шығатын және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік аумағына әкелінетін, қалыңдығы 0,0046 мм-ден кем емес, бірақ 0,2 мм-ден артық емес, ені 20 мм-ден кем емес, бірақ 1616 мм-ден артық емес, ұзындығы 150 м-өден артық, орамдарда, тірекпн немесе тірексіз, жабынмен немесе жабынсыз (№ 2 қосымшаға сәйкес алюминий фольгасының түрлерінен басқа) алюминий фольгасына қатысты, ЕАЭО СЭҚ ТН 7607 11 110 9, 7607 11 190 9, 7607 11 900 0, 7607 19 100 0, 7607 19 900 9, 7607 20 100 0 және 7607 20 900 0 кодтарымен сыныпталатын (бұдан әрі – алюминий фольгасы) тауарларға № 1 қосымшада белгіленген мөлшерлерде демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдансын, осы демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі 5 жыл болып белгіленсін.
2. Xiamen Xiashun Aluminium Foil Co., Ltd. өндірушісі қабылдаған бағалық міндеттемелерді (Міндеттемелер ұсынылатын хаттардың Еуразиялық экономикалық комиссияда тіркелген күні мен нөмірі: 2025 ж. 26 қыркүйек № ДЗВР-293конф/AD-39) мақұлдансын.
3. Осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баж Xiamen Xiashun Aluminium Foil Co., Ltd. өндірушісі дайындайтын алюминий фольгасына төленбейді деп белгіленсін, бұл ретте осындай тауарлар декларантында тауарларға арналған декларацияны тіркеу күні аталған өндірушінің уәкілетті қызметкері қол қойған және осындай өндірушінің мөрімен куәландырылған № 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіруші сертификаты болуы және осындай сертификат туралы мәліметтер тауарларға арналған декларацияда мәлімделуі керек.
4. Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаменті:
Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) кеден ісі саласында уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарына Xiamen Xiashun Aluminium Foil Co., Ltd. өндірушісінің уәкілетті қызметкерлері қолдарының және мөрлері бедерлерінің үлгілерін жіберсін;
осы Шешімде көзделген баға міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырсын;
5. Алюминий фольгасының әкелінетін мөлшері туралы мәліметтерді қамтитын және оны әкелу жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің уәкілеттік берілген мемлекеттік органы берген, тауарларға арналған декларация тіркелген күнге декларация берушінің мақсатты тағайындауды растайтын құжаты болған жағдайда Одақтың кеден аумағына алюминий фольгасын әкелу кезінде (бағалық міндеттемелер шегінен тыс) Беларусь Республикасы үшін тауарларды өндіру мақсатында 385 тонна, Қазақстан Республикасы үшін 2025 жылы 500 тонна, 2026 жылы 1 000 тонна, 2027 жылы 1 300 тонна, 2028 жылы 1 500 тонна, 2029 жылы 1 650 тонна және 2030 жылы 1 650 тонна, және Қырғыз Республикасы үшін 325 тонна көлемінде жыл сайынғы көлемдер шегінде осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баж алынбайтыны айқындалсын. Мұндай құжат туралы мәліметтер тауарларға арналған декларацияда мәлімделуге жатады.
6. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласында уәкілеттік берілген мемлекеттік органдары ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын да, тауардың атауын да басшылыққа ала отырып, осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін.
7. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы № 97 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Демпингке қарсы баж СТАВКАЛАРЫНЫҢ МӨЛШЕРЛЕРІ
Тауар атауы | Өндіруші | Демпингке қарсы баж ставкасының мөлшері (кедендік құнның пайызы) |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы № 97 Шешімінің 1-тармағында көрсетілген алюминий фольгасы |
Dingsheng Aluminium Industries (HongKong) Trading Co., Ltd. | 20,24 |
Shanghai Sunho Aluminum Foil Co., Ltd. | 17,16 | |
Xiamen Xiashun Aluminium Foil Co., Ltd. | 19,52 | |
өзгелері | 20,24 |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы № 97 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Демпингке қарсы баж алуға жатпайтын алюминий фольгасының алуан түрлілігі ТІЗБЕСІ
1. А99 маркасына арналған МемСТ 11069-2019-да көзделген сипаттамалары бар қоспасыз алюминийден өндірілген алюминий фольгасы.
2. Келесі ара қатынастардағы: темір – 0,7 масс.% немесе одан аз; мыс – 0,15 масс.% немесе одан аз; магний – 0,05 масс.% немесе одан аз; марганец – 1,4 масс.% немесе 1,8 масс.%-тен аспайтын мөлшерде; кремний – 0,5 масс.% немесе 1 масс.%-тен аспайтын мөлшерде; мырыш – 1,2 масс.% немесе 2,5 масс.%-тен аспайтын мөлшерде; цирконий – 0,05 масс.% немесе 0,2 масс.%-тен аспайтын мөлшерде; басқа элементтер (алюминийден басқа) – әрқайсысы жеке алғанда 0,05 масс.% немесе одан аз және барлығы қосындысында 0,15 масс.% немесе одан аз; алюминий – қалған массалық үлесті құрайтын құрамда болатын алюминий қорытпасынан өндірілген алюминий фольгасы.
3. Жалатылған алюминий фольгасы.
4. Алдыңғы, артқы және қыр жақтарынан боялған және (немесе) алдыңғы, артқы және қыр жақтарынан лакталған алюминий фольгасы.
5. Фармацевтикалық қақпақтар мен қақпақшаларды өндіруге арналған қалыңдығы 0,16 мм-ден кем емес, бірақ 0,2 мм-ден артық емес, екі жағынан боялған және (немесе) екі жағынан лакталған алюминий фольгасы.
6. Өздігінен жабысатын алюминий фольгасы.
7. Фенолды топ және (немесе) фенолды қосылыстары бар шайыр қабаты жағылған алюминий фольгасы.
8. Гофрленген (қыры бар, өрнектелген, арналар мен қырлар жасалған) алюминий фольгасы
9. Перфорацияланған алюминий фольгасы.
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы № 97 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
ӨНДІРУШІ СЕРТИФИКАТЫ
1. Өндіруші (атауы, мекенжайы) | 2. Сертификаттың реттік нөмірі және берілген күні | ||||
3. Экспорттаушы (атауы, мекенжайы) |
ӨНДІРУШІ | ||||
4. Межелі ел | |||||
5. Импорттаушы – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің резиденті (атауы, мекенжайы) | 6. Инвойс (нөмірі, күні) | ||||
7. ЕАЭО СЭҚ ТН коды | 8. Көлік құралының нөмірі | ||||
9. Тауар туралы мәліметтер | |||||
№ | Тауардың сипаты, басқа да ескертпелер (міндеттемелерге сәйкес тауар түрлері көрсетіледі – болат түрі, қысымы мен диаметрі) |
Саны | Бағасы (АҚШ доллары-мен) |
Құны | |
10. Мен, төменде қол қоюшы, осы сертификаттың 9-тармағында көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспорттау мақсатында сату қабылданған міндеттемелер сақтала отырып жасалатынын растаймын. Мен осы сертификатта көрсетілген мәліметтер толық әрі дәл екенін растаймын. | |||||
Ескертпелер:
1. Сертификаттың орыс немесе ағылшын тілінде толтырылатын 1 және 3-тармақтарын қоспағанда, сертификат орыс тілінде баспа тәсілімен толтырылады.
2. Сертификаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап күнтізбелік 90 күнді құрайды.
3. Сертификаттың 4-тармағында Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес межелі ел көрсетіледі.
4. Сертификаттың 6-тармағында кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын инвойстың нөмірі мен күні көрсетіледі.
5. Сертификаттың 8-тармағында тауар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін көлік құралының тіркеу нөмірі көрсетіледі.
6. Сертификаттың 9-тармағында тауардың бір данасы үшін бағасы және міндеттемелерде көзделген сату схемасына сәйкес тауарды сатып алушы іс жүзінде төлеген немесе төлеуге тиіс тауардың құны цифрлармен көрсетіледі.
7. Түзетулер және (немесе) толықтырулар қате ақпаратты сызып тастау және түзетілген мәліметтерді басу арқылы сертификатқа енгізіледі, ол өндірушінің мөрімен куәландырылады.
8. Сертификатта адамдардың қолының факсимилесін пайдалануға, сондай-ақ осы ескертпелердің 7-тармағында көрсетілген тәртіппен куәландырылмаған өшірулердің, түзетулердің және (немесе) толықтырулардың болуына жол берілмейді.
9. Сертификат мынадай:
сертификаттың қолданылу мерзімі біткен;
сертификат нысаны осы қосымшада көзделген нысанға сәйкес келмеген және (немесе) сертификат осы ескертпелердің 1 – 8-тармақтарының талаптарына сәйкес толтырылмаған;
сертификатта көрсетілген мәліметтер тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге сәйкес келмеген және (немесе) тауарды бірмәнді сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік бермеген;
сертификатқа қойылған қол және (немесе) мөр кеден органындағы қолдардың және (немесе) мөр бедерлерінің үлгілеріне сәйкес келмеген жағдайларда жарамсыз деп танылады.