Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 7 және 44-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитет туралы ереже бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитет туралы" 2012 жылғы 16 тамыздағы № 130 шешімінің 2-тармағы екінші абзацының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 24 маусымдағы № 59 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитет туралы ереже
I. Жалпы ережелер
1. Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитет (бұдан әрі – Комитет) Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) № 1 қосымша) 7 және 44-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) Комиссия үшін келісілген макроэкономикалық саясат жүргізу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуі және ұсынымдар дайындауы мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жанынан құрылады.
2. Комитет өз қызметінде Шартты, Одақ құқығын құрайтын басқа да халықаралық шарттар мен актілерді, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комитеттің жанынан Комитет қызметінің бағыттары бойынша мәселелерді шешу үшін кіші комитеттер мен жұмыс топтары құрылуы мүмкін.
II. Комитеттің негізгі міндеттері мен функциялары
4. Комитеттің негізгі міндеттері:
а) Комиссияның құзыретіне жатқызылған келісілген макроэкономикалық саясатты мүше мемлекеттердің жүргізуін үйлестіру мәселелері бойынша Комиссия үшін ұсынымдар дайындау;
б) мүше мемлекеттердің келісілген макроэкономикалық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша консультациялар өткізу;
в) макроэкономикалық саясат саласындағы құжаттардың жобаларын қарау болып табылады.
5. Өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін Комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады:
а) Комиссия үшін:
Шарттың XIII бөлімінің ережелерін және Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттаманы (Шартқа № 14 қосымша) іске асыру және мүше мемлекеттердің оларды сақтауына мониторинг жүргізу;
Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттаманың (шартқа № 14 қосымша) 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес бекітетін Одақтың экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу;
макроэкономикалық саясатты жүргізуге мүше мемлекеттердің келісілген тәсілдемелерін қалыптастыру;
мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарларын айқындау;
келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу бөлігінде ақпараттық өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша ұсынымдар дайындайды;
б) мыналарды:
келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу мәселелері бойынша Одақ органдары актілерінің жобаларын;
келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу мәселелері бойынша баяндамаларды, шолуларды және өзге де анықтамалық, талдамалық және ақпараттық материалдарды;
Комиссияның ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына енгізу үшін макроэкономикалық саясат саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптарын;
өз құзыреті шегіндегі өзге де мәселелерді қарайды;
в) мыналарды:
кіші комитеттер, жұмыс топтары туралы ережелерді және олардың құрамдарын;
Комитеттің, кіші комитеттердің, жұмыс топтарының жұмыс жоспарларын бекітеді.
III. Комитеттің құрамы
6. Комитеттің құрамы мүше мемлекеттердің құзыретіне экономика және қаржы саласындағы реттеу мәселелері жататын уәкілетті органдары басшыларының орынбасарларынан және мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің уәкілетті өкілдерінен (департамент директорынан (басқарма бастығынан) төмен емес деңгейдегі) (бұдан әрі – уәкілетті өкілдер) қалыптастырылады.
Комитет құрамын қалыптастыру үшін Комиссия мүше мемлекеттерден уәкілетті өкілдердің кандидатуралары бойынша ұсыныстар сұратады.
Комитеттің құрамына, әдетте, әрбір мүше мемлекеттен 3-тен аспайтын уәкілетті өкіл кіреді.
7. Мүше мемлекеттер Комиссияны уәкілетті өкілдерді ауыстыру қажеттігі туралы хабардар етеді және Комитет құрамына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар береді.
8. Комитеттің құрамы Комиссия Алқасының өкімімен бекітіледі.
9. Комиссия Алқасының құзыретіне макроэкономикалық саясат мәселелері жататын мүшесі (бұдан әрі – Комитет төрағасы) Комитет отырыстарына төрағалық етеді және Комитет жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады.
10. Комитет төрағасы:
а) Комитеттің қызметіне басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттерді орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
б) Комитет отырысын өткізу туралы шешім қабылдайды, оны өткізу күнін, уақыты мен орнын айқындайды, Комитет отырысының күн тәртібін келіседі және бекітеді;
в) Комитет мүшелеріне Комитет отырысының күн тәртібінің жобасын және оның материалдарын, оның ішінде электрондық түрде жібереді;
г) Комитет отырыстарын жүргізеді;
д) Комитет құзыретінің шегінде Комитет отырыстарының хаттамаларына және өзге де құжаттарға қол қояды;
е) Комиссия Алқасы мен Кеңесін Комитет әзірлеген ұсыныстар мен ұсынымдар туралы хабардар етеді;
ж) мүше мемлекеттердің құзыретіне макроэкономикалық саясат мәселелері жататын уәкілетті органдарына белгіленген тәртіппен Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша материалдар мен ақпарат беру туралы сұрау салулар жібереді;
з) Комитеттің құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.
11. Комитет төрағасының шақыруы бойынша құзыретіне макроэкономикалық саясат мәселелері жататын мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен алдын ала келісуімен Комитеттің отырыстарына атқарушы билік органдарының, бизнес-қоғамдастықтардың, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мүше мемлекеттердің Комитет отырысында қарастырылатын мәселелер құзыретіне жататын өзге де тәуелсіз сарапшылары қатыса алады.
Комитет төрағасының шақыруы бойынша Комитет отырыстарына Комитет отырысында қаралатын мәселелер құзыретіне жататын Комиссияның лауазымды адамдары мен қызметкерлері қатыса алады.
12. Комитет төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын Комитет қызметінің бағыттары бойынша мәселелер құзыретіне жататын Комиссия департаментінің директоры (директордың орынбасары) орындайды.
13. Комитеттің жауапты хатшысын Комитет қызметінің бағыттары бойынша мәселелер құзыретіне жататын Комиссияның лауазымды адамдарының немесе қызметкерлеріның қатарынан Комитет төрағасы тағайындайды.
14. Комитеттің жауапты хатшысы:
а) Комитет отырысының күн тәртібінің жобасын дайындауды қамтамасыз етеді;
б) Комитет отырысына арналған материалдардың дайындалуын және ұсынылуын бақылауды жүзеге асырады;
в) Комитет мүшелерін Комитет отырысының өткізілетін күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді;
г) Комитет отырысының хаттамасын жүргізеді және оны Комитет төрағасына қол қоюға ұсынады;
д) Комитеттің хаттамалық шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
е) Комитет құзыретінің шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.
IV. Комитеттің жұмыс тәртібі
15. Комитет отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жылына 1 рет өткізіледі.
16. Комитет отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша материалдарды Комитет төрағасы комитет мүшелеріне, оның ішінде электрондық түрде Комитеттің отырысы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей жібереді. Көрсетілген материалдар:
хаттамалық шешімнің жобасын қоса алғанда, қарастырыллатын мәселелер бойынша анықтамаларды;
қарауға ұсынылатын құжаттардың жобаларын (бар болса);
қажетті анықтамалық және талдамалық материалдарды қамтиды.
Комитеттің отырыстарында қосымша (жоспардан тыс) мәселелерді қарау Комитет мүшелерінің ұсынысы бойынша жүзеге асырылады. Комитет мүшелерінің Комитет отырысының күн тәртібіне қосымша (жоспардан тыс) мәселелерді енгізу туралы ұсыныстар енгізуі оны өткізу күніне дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Көрсетілген мерзімнен кеш келіп түскен ұсыныстар Комитеттің келесі отырысының күн тәртібіне енгізіледі.
17. Комитеттың отырыстары, әдетте, Комиссияның үй-жайларында өткізіледі.
Комитеттің отырысы уәкілетті өкілдердің ұсыныстары негізінде қабылданатын Комитет төрағасының шешімі бойынша мүше мемлекеттердің кез келгенінде өткізілуі мүмкін. Бұл жағдайда қабылдаушы мүше мемлекет Комитеттің отырысын ұйымдастыруға және өткізуге жәрдем көрсетеді.
18. Комитет мүшелері Комитеттің отырыстарына жеке өзі немесе өздерінің уәкілетті тұлғалары арқылы, оның ішінде бейнеконференция форматында қатысады.
Комитет мүшесінің Комитеттің отырысына қатысуы мүмкін болмаған жағдайда ол Комитет төрағасына қаралатын мәселелер бойынша өзінің ұстанымын жазбаша нысанда ұсынуға және (немесе) Комитеттің отырысына қатысу үшін өзі уәкілеттік берген адамды жіберуге құқылы.
19. Комитет мүшелерінің Комитеттің отырысында мәселелерді талқылау кезінде құқықтары тең болады.
20. Комитеттің шешімдері консенсуспен қабылданады. Дауыс беру кезінде әрбір мүше мемлекеттен қатысатын Комитет мүшелерінің санына қарамастан әрбір мүше мемлекет 1 дауысқа ие болады.
21. Комитеттің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
22. Комитет отырысының нәтижелері хаттамамен ресімделеді.
Комитет отырысы хаттамасының жобасы Комитет отырысы өткізілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей Комитет отырысына қатысқан Комитет мүшелерімен келісіледі.
Комитет отырысының келісілген хаттамасына Комитет төрағасы Комитеттің отырысы өткізілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды және оған қол қойылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей Комитеттің барлық мүшелеріне жіберіледі.
Комитет төрағасының шешімі бойынша Комитет отырысының хаттамасы немесе одан үзінді Комитет отырысына қатысқан шақырылған адамдарға жіберілуі мүмкін.
23. Комитет отырыстарының хаттамалары құзыретіне макроэкономикалық саясат мәселелері жататын Комиссия Алқасы мүшесінің хатшылығында сақталады.
24. Уәкілетті өкілдердің Комитетінің отырыстарына қатысуына байланысты шығыстарын оларды жіберетін мүше мемлекеттер көтереді.
Комиссияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің Комитет отырыстарына қатысуына байланысты шығыстарын Комиссия көтереді.
Комитеттің отырыстарына бизнес-қоғамдастықтар, ғылыми және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, мүше мемлекеттердің өзге де тәуелсіз сарапшыларының қатысуына байланысты шығыстарды көрсетілген тұлғалар дербес көтереді.
25. Комитеттің қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді осы Ереженің 17-тармағының екінші абзацында көзделген жағдайды қоспағанда, Комиссия жүзеге асырады.
26. Комиссия Алқасының тиісті шешімі Комитеттің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.