Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 168 шешімімен бекітілген Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Кеден одағының "Мамандандырылған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің, соның ішінде диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтанудың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 027/2012) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесіне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының | |
| 2025 жылғы 17 маусымдағы № 53 шешіміне | |
| ҚОСЫМША |
Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Кеден одағының "Мамандандырылған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің, соның ішінде диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтанудың қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 027/2012) техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 24, 26, 239, 240, 241 және 242 позициялар алып тасталсын.
2. Мынадай мазмұндағы 241, 1251, 1252, 1291, 2391 және 2421 позициялармен толықтырылсын:
"
241 | МЕМСТ 5667-2022 "Нан-тоқаш өнімдері. Сынамаларды қабылдау қағидалары, іріктеу әдістері, өнімдердің органолептикалық көрсеткіштері мен массасын айқындау әдістер" 5 және 6-тармақтары | ||
1251 | МЕМСТ ISO 11813-2022 "Сүт және сүт өнімдері. Мырыштың мөлшерін анықтау. Жалындағы атомдық абсорбцияның спектрометриялық әдісі" | ||
1252 | МЕМСТ ISO 11870-2021 "Сүт және сүт өнімдері. Тоңмайдың мөлшерін анықтау. Бутирометриялық әдістерді пайдалану жөніндегі жалпы басшылық ету нұсқаулары" | ||
1291 | МЕМСТ ISO 19662-2021 "Сүт. Тоңмайдың мөлшерін анықтау. Қышқылды-бутирометриялық әдіс (Гербер әдісі)" | ||
2391 | МЕМСТ 34780-2021 "Йодталған қайнатпа ас тұзы. Йодты және натрий тиосульфатын анықтау әдістері" | ||
2421 | ГОСТ ISO 7516-2019 "Ерітілетін шай. Талдауға арналған сынамаларды іріктеу" | ||
".