Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 6-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 263 шешімімен бекітілген Көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 24 наурыздағы № 28 шешіміне ҚОСЫМША |
Көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулыққа енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 12-тармақта:
а) 122-тармақшадағы "арнайы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау мақсатында кері экспорттың кедендік рәсіміне" деген сөздер "арнайы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау мақсатында кері экспорттың кедендік рәсіміне немесе арнайы кедендік рәсімге" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) мынадай мазмұндағы 124-тармақшамен толықтырылсын:
"124) нақты пациенттің өмірлік көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсету үшінжәне (немесе) арнайы кедендік рәсімге орналастырылатын туыстас емес транспланттауды жүргізу үшін әкелінетін (әкелінген) тіркелмеген дәрілік заттарды, адам қанын және оның компоненттерін, адам органдарын және (немесе) тіндерін, оның ішінде гемопоэтикалық дің жасушаларын және (немесе) сүйек кемігін (осы Нұсқаулықтың 4-тармағының 3-тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда);".
2. Көрсетілген Нұсқаулыққа 3-қосымшада:
а) 8-тармаққа кестеде:
3 – 6-бағанның атауында "бойынша" деген сөз "сәйкес" деген сөзбен ауыстырылсын;
7-бағанның атауындағы "құжаттармен" деген сөз "құжаттармен3а" деген сөзбен ауыстырылсын;
8-бағанның атауындағы "валюталар" деген сөз "валюталар3а" деген сөзбен ауыстырылсын;
б) 9-тармақтағы "тауарлар" деген сөз "тауарлар5" деген сөзбен ауыстырылсын;
в) мынадай мазмұндағы 3а ескертпемен толықтырылсын:
"3а Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 263 шешімімен бекітілген Көлік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды тауарларға арналған декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтың 12-тармағының 124-тармақшасында көрсетілген тауарларды декларациялау кезінде баған тауарларға арналған декларациялар ретінде пайдаланылатын құжаттардағы тиісті мәліметтер болмаған жағдайда толтырылмауы мүмкін.";
г) мынадай мазмұндағы 5-сілтемемен толықтырылсын:
"5 Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 38-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда толтырылмайды.".