Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына және 260-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тасымалдаушы кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып экспресс-жүк ретінде жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларды келендік декларациялау туралы" 2018 жылғы 16 қазандағы № 158 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 2-тармақтың "б" тармақшасының төртінші абзацындағы ", жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарларды" деген сөздер алып тасталсын;
б) көрсетілген Шешіммен бекітілген Экспресс-жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясын толтыру тәртібінің 23-тармағының үшінші абзацындағы "(Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы үшін)" деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |