Көрсетілетін қызметтер саудасы, инвестицияларды құру, олардың қызметі мен жүзеге асырылуы туралы хаттаманың 40 және 42-тармақтарына сәйкес жүргізілетін жұмысты оңтайландыру мақсатында (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 16 қосымша) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімдеріне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 48 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 33 "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы туралы" шешімінде:
а) 4 тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;
б) көрсетілген шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы туралы Ереженің 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жұмыс тобының басшысы Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (Министр) болып табылады.".
2. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптастыратын ырықтандыру жоспарларына (өтпелі кезең ішінде) сәйкес жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметтер секторлары (кіші секторлары) бойынша жұмыс топтары туралы "Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 16 шешімінде:
а) 3 тармақтың күші жойылды деп танылсын;
б) мынадай мазмұндағы 31 тармақпен толықтырылсын:
"31. Осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген жұмыс топтарының басшысы Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (Министр) болып табылатыны айқындалсын.";
в) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптастыру көрсетілген шешіммен бекітілген ырықтандыру жоспарларына (өтпелі кезең ішінде) сәйкес жүзеге асырылатын көрсетілетін қызметтер секторлары (кіші секторлары) бойынша жұмыс топтары туралы Ереженің 6-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 164 "Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.