Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа № 9 қосымша) 8-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссиясы жұмысының регламентіне тіркелген № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 130 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында сәйкестігін міндетті бағалауға жататын өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу тәртібінің 2-тармағының "а"-тармақшасын іске асыру мақсатында, Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың "Құс етінің және оның қайта өңделген өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (ЕАЭО ТР 051/2021) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін міндетті бағалауға жататын өнімнің, оған қатысты кедендік рәсімдерге орналастырылған кезде техникалық реттеу шараларының сақталуы расталатын тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Тізбе Еуразиялық экономикалық одақтың өзіне қатысты техникалық реттеу шараларының сақталуын растау тиісінше Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешіміне және Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешіміне сәйкес жүзеге асырылатынын ескере отырып, өзіне қатысты "Құс етінің және оның қайта өңделген өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (ЕАЭО ТР 051/2021) техникалық регламентінде мемлекеттік тіркеу немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама нысанында сәйкестікке бағалау жүргізу көзделген әкелінетін (әкелінген) өнімге қатысты декларациялау нысанында сәйкестікті бағалауды жүргізу көзделген әкелінетін (әкелінген) өнім үшін ғана қолданылады деп белгіленсін.
3. Тізбеге енгізілген және бір мезгілде ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын өнімге Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес реттеу шаралары қолданылады.
4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 146 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одақтың "Құс етінің және оның қайта өңделген өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (ЕАЭО ТР 051/2021) техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін міндетті бағалауға жататын, оған қатысты кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде техникалық реттеу шараларының сақталуы расталатын өнімнің ТІЗБЕСІ
Өнімнің атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Сәйкестікті бағалау туралы құжат | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Шикі құс майын қайта өңдеу өнімдері, оның ішінде құстың тағамдық тоң майы |
0209 90 000 0 | сәйкестік туралы декларация | |
2. Құстық тағамдық сүйегін қайта өңдеу өнімі |
0506 90 000 0 | сәйкестік туралы декларация | |
3. Коллагенді құс шикізатын, оның ішінде желатинді қайта өңдеу өнімдері |
2106 10 200 0 | сәйкестік туралы декларация | |
4. Жартылай өңделген құс еті өнімдері және құс етінен жасалған аспаздық өнімдері (субөнімдер) |
0207 13 100 1 | сәйкестік туралы декларация | |
5. Құс етінен жасалған өнімдер (субөнімдер) |
0210 99 390 0 | сәйкестік туралы декларация | |
1602 31 110 0 | шала ысталған және шала қақталған құс етінен жасалған өнімдер (субөнімдер) | ||
1602 31 190 0 | |||
1602 32 110 0 | шала ысталған және шала қақталған құс етінен жасалған өнімдер (субөнімдер) | ||
1602 32 190 0 | |||
1602 39 210 0 | шала ысталған және шала қақталған құс етінен жасалған өнімдер (субөнімдер) | ||
1602 39 290 0 | |||
6. Құс етінің шұжықтық өнімдері (субөнімдер) |
1601 00 100 0 | сәйкестік туралы декларация | |
7. Құс еті консервілері (субөнімдер) |
1602 10 009 1 | сәйкестік туралы декларация | |
1602 31 110 0 | құс етінен жасалған пастерленген консервілер (субөнімдер) | ||
1602 31 190 0 | |||
1602 32 110 0 | құс етінен жасалған пастерленген консервілер (субөнімдер) | ||
1602 32 190 0 | |||
1602 39 210 0 | құс етінен жасалған пастерленген консервілер (субөнімдер) | ||
1602 39 290 0 | |||
8. Құс етінен жасалған сорпалар (субөнімдер) | 2104 10 000 0 | сәйкестік туралы декларация | |
9. Құс етінен жасалған кептірілген өнімдер |
0210 99 390 0 | сәйкестік туралы декларация | |
10. Құстың тағамдық құрғақ құс ақуызы |
2106 90 980 8 | сәйкестік туралы декларация |
Ескертпелер:
1. Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін өнімнің атауын да, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да (осы тізбенің 4-бағанында келтірілген ескертпелерді ескере отырып) пайдалану қажет.
2. Осы тізбеге дайындаушының (өндірушінің) құжаттарына сәйкес құс еті өнімі болып табылатын тауарлар ғана енгізіледі.
3. Кеден органдарына осы тізбеде көрсетілген "Құс етінің және оның қайта өңделген өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 051/2021) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатты ұсыну туралы талап Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында айналымға шығарылатын құс еті өнімдеріне қатысты қолданылады және төмендегілерге қатысты қолданылмайды:
а) сойылған құс өнімдеріне (оның ішінде балалар тағамы үшін және (немесе) балалар тағамына үшін құс етінен жасалған өнім өндіруге арналған);
б) құс етінен жасалған арнайы өнімдерге (оның ішінде балалар тағамына үшін құс етінен жасалған өнімдер);
в) жаңа түрдегі құс етінен жасалған өнімдерге;
г) рецептураға сәйкес сойылғандағы өнімдердің және ет өнімдерінің жинытық салмағы, сойылған құс өнімдері және олардың қайта өңделген өнімдері салмағының 50 пайызын құрайтын немесе асып түсетін тағамдық өнімдерге;
д) рецептураға сәйкес құс етіндегі ингредиенттердің мөлшері 5 пайыздан төмен болатын тағамдық өнімдерге;
е) қызмет көрсету кезінде сатуға арналған, сойылған құс өнімдерін пайдалана отырып және олардың қайта өңделген өнімдері негізінде жасалған тамақтандыру кәсіпорындарының (қоғамдық тамақтандыру) тағамдық өнімдерге;
ж) тағамдық қоспаларға және биологиялық белсенді тағамдық қоспаларға, дәрілік заттарға, сойылған құс өнімдерін пайдалана отырып және олардың қайта өңделген өнімдері негізінде жасалған, тағамдық мақсатқа арналмаған азыққа, өнімдерге.