Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне тіркелген № 1 қосымша мынадай мазмұндағы 51-тармақпен толықтырылсын:
"51. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімін 2 жылдан қысқа немесе ұзағырақ мерзімін анықтау.".
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |