2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабы 2-тармағының бірінші абзацын, 2018 жылғы 14 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен немесе халықаралық интеграциялық бірлестіктермен халықаралық шарттары туралы Келісімнің 10-бабын және Еуразиялық экономикалық комиссиясы туралы Ереженің 6-тармағын басшылыққа ала отырып (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа тіркелген № 1 қосымша), Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Бір жағынан Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері мен екінші жағынан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің жобасы мақұлдансын (қоса беріліп отыр).
2. Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы М.В. Мясникович Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаннан кейін осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың атынан Келісімге қол қойсын, қажет болған жағдайда қоса беріліп отырған жобаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер енгізуге рұқсат етілсін.
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасы үшін |
Беларусь Республикасы |
Қазақстан Республикасы |
Қырғыз Республикасы |
Ресей Федерациясы |