Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағы 4-тармақшасының және Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданысы бар өзге де баждардың, салықтар мен алымдардың) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 5 қосымша) 54-тармағының негізінде және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын 2021 жылы есепке жатқызу және бөлу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпаратын назарға ала отырып:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқалары кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданысы бар өзге де баждардың, салықтар мен алымдардың) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 5 қосымша) іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысты жалғастырсын.
2. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |