Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бірыңғай көлік кеңістігін одан әрі қалыптастыру және көлік инфрақұрылымын дамытуды үйлестіру мақсатында 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 86-бабы 3-тармағының 1 және 4-тармақшаларына сәйкес және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 12 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының 6.1.5-тармағын орындау үшін:
1. Қырғыз Республикасының Тізбеге қосымша жоба енгізу құқығын ескере отырып, қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көлік саласындағы басым интеграциялық инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі мақұлдансын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
| Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2022 жылғы 26 тамыздағы № 19 өкімімен МАҚҰЛДАНҒАН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көлік саласындағы басым интеграциялық инфрақұрылымдық жобалардың ТІЗБЕСІ
I. Армения Республикасы
1. "Солтүстік – Оңтүстік" жол дәлізінің инвестициялық бағдарламасы, төртінші кезек (4-транш).
II. Беларусь Республикасы
2. М-1/Е 30 Брест (Козловичи) – Минск – Ресей Федерациясының шекарасы (Редьки) автомобиль жолын реконструкциялау.
3. М-10 Ресей Федерациясының шекарасы (Селище) – Гомель – Кобрин автомобиль жолын реконструкциялау.
III. Қазақстан Республикасы
4. "Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көлік маршрутына жататын М-32 автомобиль жолының қазақстандық учаскелерін реконструкциялау.
IV. Қырғыз Республикасы
5. "Луговая – Балыкчи" теміржол учаскесін электрлендіру.
V. Ресей Федерациясы
6. "Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көлік маршрутына жататын автомобиль жолдарының ресейлік учаскелерін салу және реконструкциялау.
7. "Меридиан" автомагистралінің ресейлік учаскесін салу.