2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42-бабына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған шартқа № 3 қосымшаның 40-тармағына және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға № 1 қосымшаның 43-тармағывна сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Шешімге қосымшаның І бөлімін қоспағанда, осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Осы Шешімге қосымшаның І бөлімі осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2022 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы міндетін уақытша атқарушы |
В. Назаренко |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының | |
| 2021 жылғы 29 маусымдағы | |
| № 70 шешіміне | |
| ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының күші жойылды деп танылған шешімдерінің ТІЗБЕСІ
I. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген баждардың ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдануына байланысты шешімдері
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Армения Республикасы өтпелі кезең ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлар мен ставкалардың тізбесін бекіту туралы" 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 62 шешімі.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Былғары-аяқ киім өнеркәсібі үшін бояуларға, лактарға және беттік-белсенді құралдарға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкаларын белгілеу және өтпелі кезең ішінде оларға қатысты Армения Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлар мен ставкалардың тізбесіне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 112 шешімінің 3-тармағы.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Өтпелі кезең ішінде оларға қатысты Армения Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлар мен ставкалардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдердің жекелеген ережелерінің күші жойылды деп тану туралы" 2020 жылғы 27 қазандағы № 137-шешімінің 1-тармағы және оған № 1 қосымша.
4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне асыл және жартылай асыл тастардың жекелеген түрлеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 16 ақпандағы № 13 шешіміне № 4 қосымшаның 3-тармағы.
II. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген баждардың ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдануына байланысты шешімдері
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Қырғыз Республикасы өтпелі кезең ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген баждар мөлшерлемелерінен өзгеше кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерін қолданатын тауарлар мен мөлшерлемелер тізбесін бекіту туралы" 2015 жылғы 30 маусымдағы № 68 шешімі.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің қуаттылығы 25 000 кВт астам гидравликалық турбиналарға арналған жекелеген бөлшек түрлеріне қатысты кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерін белгілеу туралы және Еуразиялық экономикалық комиссияның кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 127 шешімі.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның кейбір шешімдеріне құрамында эфедрин, псевдоэфедрин және норэфедрин бар фармацевтикалық препараттарға қатысты өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 17 қарашадағы № 150 шешіміне № 4 қосымшаның 4-тармағы.
4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Ресей Федерациясының Дүниежүзілік Сауда Ұйымы шеңберіндегі міндеттемесіне сәйкес тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкаларын белгілеу және Еуразиялық экономикалық комиссияның кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 29 мамырдағы № 26 шешімінің 3-тармағы.
5. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Өтпелі кезең ішінде Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген баждар ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлар мен ставкалардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 4 қазандағы № 109 шешімі.
6. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Ресей Федерациясының ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелеріне сәйкес жекелеген тауар түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкаларын белгілеу туралы және Еуразиялық экономикалық комиссияның кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 11 мамырдағы № 44 шешіміне № 3 қосымшаның 2-тармағы.
7. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Ресей Федерациясының ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелеріне сәйкес тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкаларын белгілеу туралы және Еуразиялық экономикалық комиссияның кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы 2018 жылғы" 5 маусымдағы № 94 шешіміне № 3 қосымшаның 2-тармағы.
8. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне органикалық химиялық қосылыстардың жекелеген түрлеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 16 қазандағы № 163 шешімінің 3-тармағы.
9. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Балықтың ұрықтандырылған уылдырығының жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкаларын белгілеу және Қырғыз Республикасы өтпелі кезең ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген кедендік әкелу баждары ставкаларынан ерекше баж ставкаларын қолданатын тауарлар мен ставкалар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 198 шешімінің 3-тармағы.
10. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және Еуразиялық экономикалық комиссияның кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 25 маусымдағы № 106 шешіміне қосымшаның 4-тармағы.
11. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Өтпелі кезең ішінде Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген баждар ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлар мен ставкалардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 61 шешімі.
12. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне алюминий қорытпаларынан жасалған бұйымдардың жекелеген түрлеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 1 шешімінің 3-тармағы.
13. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне күн батареяларының өндірісі үшін пайдаланылатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 25 мамырдағы № 59 шешіміне № 4 қосымшаның 2-тармағы.