Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 22-бабының 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қозғалтқыш, беріліс қорабы, рульдік басқару, оператор платформасы, қар бункері, су үшін сыйымдылық, борттық щетка және мұзды кесу, жою, жуу және құю жүйелерін қамтитын кондиционер орнатылған доңғалақты шассиден тұратын, мұз беттерін құюға (мұз айдындары мен спорт ареналарында мұз бетін тазалауға, тегістеуге және өсіруге) арналған өздігінен жүретін мұз құю машинасы Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8479 10 000 0 қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |