Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағының бесінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы "Кеден одағында болат құбырлардың кейбір түрлерін өндірушілердің экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар туралы" № 702 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шаралардың қолданылуы қоса алғанда 2022 жылғы 7 ақпанға дейін ұзартылсын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2022 жылғы 7 ақпанға дейін Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы № 702 шешімімен белгіленген ставкалар бойынша алдын ала демпингке қарсы баж алу үшін белгіленген тәртіпте демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2021 жылғы 2 маусымнан кейін күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |