Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 22-бабының 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Құрамында белсенді әсер етуші зат ретінде депротеинделген гемодиализат (гликопротеидтерден, нуклеозидтерден, нуклеотидтерден, амин қышқылдарынан және басқа да төмен молекулалы қосылыстардан тұратын) бар, дефибринирлеу, диализ, ультрафильтрация жолымен бұзау қанынан алынған, көктамыр ішіне және бұлшықетішілік инъекцияларға арналған ерітінді нысанындағы препарат, сондай-ақ перифериялық артериялардың окклюзиялық аурулары мен адамның созылмалы веноздық жеткіліксіздігі кезінде қолданылатын қосымша заттар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3002 90 300 0 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Құрамында белсенді әсер етуші заттар ретінде депротеинделген гемодиализат (гликопротеидтерден, нуклеозидтерден, нуклеотидтерден, амин қышқылдарынан және басқа да төмен молекулалы қосылыстардан тұратын) бар, дефибринирлеу, диализ, ультрафильтрация жолымен бұзау қанынан алынған дентальды адгезивті паста нысанындағы препарат пен анестезиялаушы зат (мысалы, полидоканол), сондай-ақ адамның ауыз қуысындағы жараның бетінің жазылуын, ауырсынуды басуды және қорғауды жеделдету үшін емдік және профилактикалық мақсаттарда қолданылатын бөлшек саудаға арналған орамаларға өлшеп салынған қосымша заттар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 3004 90 000 2 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |