2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан қосалқы позиция алып тасталсын;
б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына позициялар қосылсын;
в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 11 тамыздағы № 96 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қос. өлш. бірлігі |
4404 10 000 0 | – қылқан жапырақты тұқымдас | – |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 11 тамыздағы № 96 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына қосылатын ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қос. өлш.бірл. |
4404 10 000 | – Қылқан жапырақты тұқымдас: | |
– – ағаш қадалар, қазықтар және бағаналар; дөрекі жонылған, бірақ үшкірленбеген: | ||
4404 10 000 1 | – – – қабығы алынған | – |
4404 10 000 2 | – – – өзгелері | – |
4404 10 000 9 | – – өзгелері | – |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 11 тамыздағы № 96 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының СТАВКАЛАРЫ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайызбен не евромен, не АҚШ долларымен) |
4404 10 000 1 | – – – қабығы алынған | 10 |
4404 10 000 2 | – – – өзгелері | 10 |
4404 10 000 9 | – – өзгелері | 10 |