2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 878 шешімімен бекітілген Кеден одағының "Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 019/2011) өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 180 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
| М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | Ж. Разаков | А. Силуанов |
|---|
| Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 55 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағының "Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 019/2011) енгізілетін өзгерістер
1. Мәтін бойынша "Кеден одағына мүше мемлекеттер" деген сөздер тиісті санда және септікте "мүше мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1.2-тармақтың екінші абзацындағы "Кеден одағына мүше мемлекеттер" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі -мүше мемлекеттер)" деген сөздермен ауыстырылсын.
3.1.7-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) әскери мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін бактериологиялық агенттерден және радиоактивті материалдардан, химиялық қаруларда пайдаланылатын уытты химиялық заттардан және жаппай тәртіпсіздіктермен күреске арналған химиялық құралдардан қорғану үшін жасалған не түрленген, сондай-ақ олардың компоненттеріне арнап жасалған жеке қорғану құралдары.".
4. 2-бөлімде:
а) он бірінші абзацтағы "(қорғану шлемі)" деген сөздер алып тасталсын:
б) соңғы абзацтың алдынан мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"өрт кезінде пайдаланылатын "өзін өзі құтқарушы сүзгі" - өрт болған уақытта адамды құтқару және эвакуациялау кезінде адамды жанған заттардың уытты исінен қорғауға арналған, тыныс алу органдарын, көзді және бастың терісін жеке қорғау құралдары;".
5. 4.2-тармақтың 1) тармақшасы "теріні тітіркендіруі" деген сөздерден кейін "қажауы, ауыруды сезіну" деген сөздермен толықтырлысын.
6. 4.3-тармақта:
а) 1) тармақшада:
төртінші абзац "тозуға төзімді" деген сөздерден кейін "су өткізбейтін қабығы" деген сөздермен толықтырлысын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"киім арнайы және тозуға төзімді, тозбайтын мықты қажалуға төтеп беретін матадан жасалуы: зығыр және жартылай зығыр (парусин сияқты) – сыртқы қабығы су өткізбейтін (әсер ету циклы кемінде 500) матадан, басқа маталардан – қоңыр түсті шинель шұғадан (әсер ету циклы кемінде 300), жалпы өндірістік ластанудан қорғау үшін тоқыма материалдардан – қоңыр түсті шинельді шұғадан (әсер ету циклы кемінде 1 300) жасалған арнайы киім;";
жетінші абзац "кемінде 400 Н болуға тиіс" деген сөздерден кейін "жалпы өндірістік ластанудан қорғау үшін – негізінде 400 Н және кемінде 250 Н болуға тиіс" деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші абзац "механикалық әсерлерден" деген сөздерден кейін ", жалпы өндірістік ластанудан" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"судан және уытты заттардың ерітінділерінен қорғауға арналған киімнің су өткізбеушілік қасиеті кемінде 2 000 Па, ал судың шашырауының әсері болғанда кемінде - 3 500 Па болуға тиіс;
қолды судан және уытты емес заттар ерітінділерінен қорғау үшін жеке қорғану құралы және оларды жасауға арналған материалдар су өткізбейтіндей болуға тиіс;";
б) 3-тармақ сөйлемнің соңынан "болуға тиіс" деген сөздермен толықтырылсын;
в) 9) тармақшада:
бірінші абзац "тесілуден, кесілуден" деген сөздерден кейін ", жалпы өндірістік ластанудан, қажалудан, судан және уытты емес заттар ерітінділерінен" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацта:
"аяқ киім" деген сөздердің алдынан "аяқты соққылардан қорғауға арналған" деген сөздермен толықтырылсын;
"қорғауға тиіс" және деген сөздер алып тасталсын;
алтыншы абзац "жалпы өндірістік ластанудан қорғауға арналған аяқ киімді қоспағанда," деген сөздермен басталсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"қажалудан қорғауға арналған аяқ киімнің табаны төзімді болуға тиіс;
судан қорғауға арналған аяқ киім су өткізбейтін болуға тиіс;";
г) 13) тармақшаның бесінші абзацындағы "егер қажет болса" деген сөздер "(егер каска көрсетілген талаптарға сай келсе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
д) 17) тармақшада:
үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"жоғары жылдамдықтағы бөліністерден қорғауға арналған ашық түрдегі көзілдіріктер - кинетикалық энергиясы 0,84 Дж соққыға (энергиясы төменгі соққы), ал жабық түрдегі көзілдіріктер – кинетикалық энергиясы 0,84 дж (энергиясы төмен соққы) немесе 5,9 Дж (энергиялық соққысы орташа) төтеп беруге тиіс;
төзімділігі мықты қорғаныш көзілдіріктері номинальдық диаметрі 22 мм болатын, ең аз массасы 43 г, жылдамдығының орташа статистикалық мәні 5,1 м/с және энергиясы 0,6 Дж-дан аспайтын болат шариктер тиген кезде алдынан және бүйірден соққан соққыға төтеп беруге тиіс;";
алтыншы және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"иондалмаған сәуледен қорғауға арналған жабық түрдегі қорғау көзілдіріктерінің корпусы көзілдіріктің жарықты сүзетін сүзгі сияқты иондалмаған сәуленің сол және одан жоғары деңгейінен қорғауды қамтамасыз етуге тиіс;
көзді жеке қорғау құралдарында пайдалануға арналған түссіз, химялық жағынан мықты, жабық көзілдірік шынысының және жарықты сүзетін төсенішінің жарықты өткізу коэффициенті 71,4 пайыз болуы керек,";
тоғызыншы абзац мынадай редакцияа жазылсын:
"дайындаушы көзді жеке қорғау құралдарында пайлдалану үшін буланбайды деп мәлімдеген көзілдірік шынысы сынау кезінде с дейін буланбай тұруы керек;"
е) 19) тармақшада:
бесінші абзацтағы "және кинетикалық энергиясы кемінде 0,6 Дж болатын соққыға төтеп бере алатын болуы керек" деген сөздер алып тасталсын;
алтыншы абзацта:
"және" деген сөз "немесе" деген сөзбен ауыстырылсын;
"мақсатына қарамастан" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"бетті қорғайтын мықтылығы жоғары қалқандар номинальды диаметрі 22 мм, ең аз массасы 43 г, жылдамдығының орташа статистикалық мәні 5,1 м/с болатын және энергиясы 0,6 Дж аспайтын болат шариктер алдынан және бүйірден соққан кезде соққыға төтеп беруге тиіс;";
ж) 21) тармақшаның төртінші абзацы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"сым тартқышы бар немесе амортизацияға арналған кіріккен құрылғысы, сондай-ақ көтеріп, түсіруге арналған құрылғысы бар және жеке арнайы құтқару қондырғыларын қоспағанда, құтқару қондырғысы бар сақтандыру жүйелерінің құрамдас бөліктері кемінде 12 кН статистикалық жүктемеге төтеп беруге тиіс;".
7. 4.4-тармақта:
а) 3) тармақшаның тоғызыншы абзацы алып тасталсын;
б) 6) тармақша тоғызыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"ауа ағынымен пайда болатын дыбыс деңгейі мәжбүрлеп беру кезінде 70 дБ аспауы керек, ал сигнал беретін құрылғы болған кезде, онда шығарылатын дыбыс деңгейі кемінде 80 дБ болуы керек;":
в) 7) тармақшада:
үшінші абзац "шлем-маскаларды қоспағанда, осы типтегі жеке қорғану құралдарының барлығы үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші абзацтағы "200" деген цифрлар "250 деген цифрлармен ауыстырылсын;
г) 10) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"аэрозольға қарсы құрал арқылы сыналатын заттардың ену коэффициенті төмен, орташа және жоғары тиімділіктегі бұйымдар үшін 22 тиісінше пайыздан, 8 пайыздан және 2 пайыздан аспауы керек;
95 дм3 /мин тұрақты ауа ағынымен екі сұйық зат үшін (сұйық және қатты дисперсті фазалар үшін) сүзгі материалдарының өткізгіштік коэффициенті төмен, орташа және жоғары тиімділіктегі бұйымдар үшін тиісінше 20 пайыздан, 6 пайыздан және 1 пайыздан аспауы керек;
д) 11) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"сыналатын заттың алдыңғы бөлігінің астындағы сору коэффициенті жартылай маскасы (ширек маска) бар бұйымдар үшін - 2 пайыздан, ерінарты бар өнімдер үшін - 1 пайыздан және маскасы бар бұйымдар үшін – 0,05 пайыздан аспауы керек;";
жетінші абзацтағы "100" деген цифрлар "120" деген цифрлармен ауыстырылсын;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазлсын:
"95 дм3/мин ауа ағынының жылдамдығындағы екі сынақ зат үшін (сұйық және қатты дисперсті фазалармен) өткізгіштік коэффициенті төмен, орташа және жоғары тиімділіктегі сүзгілер үшін тиісінше 20 пайыздан, 6 пайыздан және 0,05 пайыздан аспауы керек;";
е) 13) тармақшада:
төртінші абзацта:
"160" деген цифрлар "220" деген цифрлармен, "200" деген циифрлар "260" деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "әуе ағыны бойынша АХ, SX, NOP3, HgP3 маркаларындағы біріктірілген сүзгілердің қарсылығы 30 дм3/мин болған кезде - 260-тан, және 95 дм3 /мин болған кезде - 980-нен аспауға тиіс;";
бесінші абзацтағы "1040 жеген цифрлар "900" деген цифрлармен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы "күкірт гексафториді" деген сөздер "құрайды" деген сөзбен ауыстырылсын;
ж) 14) тармақшада:
төртінші абзацта:
"- майды бүрку аэрозолі немесе сынақ зат – натрий хлоридінің аэрозолі" деген сөздер алып тасталсын;
мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
бесінші абзацтағы "- майды бүрку аэрозолі немесе сынақ зат – натрий хлоридінің аэрозолі" деген сөздер "(сұйық және қатты дисперсті фазалармен)" деген сөздермен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
з) 15) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
"15) өрт кезінде пайдаланылатын өзін өзі құтқару сүзгілеріне қатысты:
өзін өзі құтқару сүзгісінің құтқару күшінің уақыты оған мынадай заттар:
көміртегі тотығы;
сутегі хлориді;
сутегі цианиді;
акролеин әсер еткен кезде кемінде 15 минут болуға тиіс;
өрт кезінде пайдаланылатын өзін өзі құтқару сүзгілер бір жолғы пайдаланылатын бұйымдар болып табылады және оларды қайталап пайдалануға жол берілмейді;
екі сынама зат үшін (сұйық және қатты дисперсті фазалармен) сорғыштың өзін-өзі құтқару сүзгісінің маска астындағы кеңістігіне сору коэффициенті 2 пайыздан аспауға тиіс;
өрт кезінде қолданылатын өзін өзі құтқару сүзгісінің өкпе вентиляциясы кезінде тыныс алуға кедергісі 30 дм3/мин немесе 95 дм3/мин немесе тұрақты ауа ағыны кезінде:
тыныс алғанда – 800 Па-дан аспауға;
дем шығарғанда – 300 Па-дан аспауға тиіс;
көміртегі диаксиді құрамы дем алған кезде 3 пайыздан аспауға (айн.), орташа мәнінде – 1,5 пайыздан аспауға тиіс;
өрт кезінде пайдаланылатын өзін-өзі құтқару сүзгісінің массасы 1 кг аспауға тиіс;
өзін өзі құтқару сүзгісінің мөлшері біреу ғана олуға тиіс;
өрт кезінде пайдаланылатын өзін өзі құтқару сүзгісін кию және қолданысқа келтіру уақыты 60 с аспауға тиіс;
өрт кезнде пайдаланылатын өзін өзі құтқару сүзгісі адамның басын толықтай жауап тұруға тиіс;
жүктемесінде оған түсетін діріл жүктемесінің әсері (60 -+) мин барысында 2-3 Гц жиілігінде 3g (g - еркін құлау жылдамдығы) шамадан тыс жүктеме кезінде оған әсер ететін діріл жүктемесі;
футлярда (сөмкеде) 1,5 метр биіктіктен бетон бетіне құлау;
24 сағат бойы (50 +-3 ) болатын температураның әсері;
24 сағат бойына (90 +-5) салыстырмалы ылғалдылық кезінде (35 +-2)0 С температураның әсері;
температурасы 200 0 С болатын ортада 24 сағат бойы (60 +-5 ) с болу;
(5,0 +-0,2) с бойы ашық жалынның (800 +-50) температурасының әсері;
өрт кезінде пайдаланылатын өзін өзі құтқару сүзгісінің қаптамасының немесе (сумкасының) таңбасы өрт кезінде пайдаланылатын өзін өзі құтқару сүзгісінің пайдаланылу мақсаты туралы ақпаратты қамтуы тиіс;
и) 17) тармақшаның екінші абзацы алып тасталсын;
к) 21) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"резинадан және полимерлі материалдан жасалған аяқ киімдр үшін үстіңгі жағының материалының және табанының көлемі агрессивті ортаның (мұнай, мұнай өнімдері, майлар мен тоң майлар) әсерінен кейін 100 пайыздан аспауға тиіс, агрессивті ортаның (кислота мен сілті) әсерінен кейін шартты төзімділігін өзгерту 20 пайыздан аспауға тиіс;".
8. 4.6-тармақта:
а) 1) тармақшаның екінші абзацындағы "4" деген цифр "41" деген цифрмен ауыстырылсын;
б) 11) тармақшада:
үшінші абзацтағы "соққының энергиясы бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жабық типтегі көзді қорғау көзілдіріктері мен бетті қорғайтын қалқандардың ыстық қатты заттардың қорғаныш көзілдіріктерінің көру шынысына, сондай-ақ жақтауларына толық өтіп кетпеуіне 7 с дейін және бетке киетін қалқандардың қорғаныш шынысына 5 с дейін төтеп беруін сынау кезінде;".
9. 4.7-тармақтың 9) тармақшасында:
а) оныншы абзацтағы "немесе зарядтың төмендеу қасиеті бар" деген сөздер алып тасталсын;
б) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"электростатистикалық зарядты шашырататын материалдар мынадай талаптарға жауап беруге тиіс: өшіп қалудың жартылай кезеңі t 50 - кемінде 4 с немесе экрандау коэффициенті S – 0,2 артық болуға тиіс;";
10. 4.10-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацында:
а) мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
б) екінші сөйлемдегі "оны" деген сөз "тұтынушылық" деген сөзбен ауыстырылсын;
в) мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Егер таңбаланатын бұйымға салынған жазулар жақсы көрінетіндей, жеңіл оқылатындай жұқа жылтыр қаптама болса, тұтынушылық қаптамаға таңбалауды салмай-ақ қоюға болады.".
11. 4.11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Таңбалар және пайдалану құжаттары орыс тілінде және өнім өткізілетін мүше мемлекеттердің заңнамасында тиісті талаптар болған кезде сол мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде орындалады. Өнімнің саудалық атауы, тіркелген тауар белгісі, типі, маркасы, моделі, артикулы немесе тауардың коды, шетелдік дайындаушының атауы және оның орналасқан жері латын әрпі пайдаланыла отырып жазылуы мүмкін. Қажет болған кезде мәтіннің мағыналарын бірдей етіп басқа тілде жазуға жол беріледі.
12. 4.15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) дермотологиялық жеке қорғану құралдары ингриденттерінің тізбесін қоспағанда, ақпарат орыс тілінде және өнім өткізілетін мүше мемлекеттің заңнамасында тиісті талаптар болған кезде сол мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде көрсетілуге тиіс. Өнімнің саудалық атауы, тіркелген тауар белгісі, типі, маркасы, моделі, артикулы немес тауардың коды, шетелдік дайындаушының атауы және оның орналасқан жері латын әрпі пайдаланыла отырып жазылуы мүмкін. Қажет болған кезде мәтіннің мағыналарын бірдей етіп басқа тілде жазуға жол беріледі.".
13. 8.7-тармақтағы "Кеден одағының сертификаттау органдарының және сынау зертханаларының (оралықтары) бірыңғай тізілімі" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – бірыңғай тізілім)" деген сөздермен ауыстырылсын.
14. 5.10-тармақтың 1) тармақшасында:
а) бірінші абзацтағы "соның ішінде" деген сөздер "соның ішінде мынадай мәліметтерді қамтитын" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) төртінші абзац мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;".
15. 5.14-тармақтағы "Кеден одағының сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының және сынау зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізілімі" деген сөздер "бірыңғай тізілім" деген сөздермен ауыстырылсын;
16. 5.15-тармақта:
а) 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
1) зерттеу жүргізу үшін бірыңғай тізілімге енгізілген аккредиттелген сынау зертханаларын (орталықтарды) шарт негізінде тартады;
б) 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) сертификаттау мақсатында үлгілерді таңдауды жүзеге асырады, егер шартта өнімді сертификаттау жүргізу көзделген болса, оларды зерттеу (сынау) және өлшеу жүргізу үшін бірыңғай тізілімге енгізілген аккредиттелген сынау зертханаларына (орталықтарға) береді;".
17. 7.1-тармақ "сәйкестігін (растау)" деген сөздердің алдынан "№ 5 қосымшаға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
18. Көрсетілген техникалық регламентке № 1 қосымшаның 1-тармағы алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"судан және уытты емес заттардың ерітінділерінен қорғауға арналған арнайы қорғану киімі;
уытты емес шаңнан қорғайтын арнайы қорғану құралдары;
қолды судан және уытты емес заттардың ерітінділерінен қорғайтын жеке қорғану құрлдары;
аяқты жалпы өндірістік ластанудан қорғайтын жеке қорғану құралдары;
аяқты (аяқ киімді) қажалудан қорғайтын жеке қорғану құралдары;
аяқты (аяқ киімді) судан және улы емес заттардың ерітінділерінен қорғайтын жеке қорғану құралдары;".
19. Көрсетілген техникалық регламентке № 2 қосымшаның 1.5-тармағындағы "мұз қатудан" деген сөздер алып тасталсын.
20. Көрсетілген техникалық регламентке № 3 қосымшаның 2-кестесінде:
а) 1-тармақта:
үшінші графадағы "уыттылық индексі" деген сөздер алып тасталсын;
төртінші графадағы "70-120% деген сөздер алып тасталсын;
б) 4-тармақта, жоғары температураның әсерінен қорғануға арналған киімдерге қатысты, бірінші графадағы "4" деген цифр "41" деген цифрмен ауыстырылсын.
21. Көрсетілген техникалық регламентке № 4 қосымшада:
а) мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. | Судан қорғайтын арнайы қорғану киімі | декларациялау | бірінші | 3д, | -“- "; |
б) 5-тармақтан кейін мынадай мазмұндағы 51 -51 тармақтармен толықтырылсын: | |||||
"51 |
Аяқты жалпы | декларациялау | бірінші |
1Д, | Деларациялаудың типтік схемаларына сәйкес"; |
52 |
Аяқты (аяқ киімді) | декларациялау | бірінші |
1Д, | -“- "; |
53 |
Аяқты қажалудан | декларациялау | бірінші |
1Д, | -“- "; |
в) 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: | |||||
"10. |
Есту органын | декларациялау | бірінші | Серификаттаудың типтік схемаларына сәйкес"; | |
11. |
Бетті қорғайтын | декларациялау | бірінші |
3Д, | Декларациялаудың типтік схемаларына сәйкес"; |
г) 13-тармақта бірінші графада бірінші мәтін "соның ішінде судан және уытты емес заттардың ерітінділеріненен" деген сөздермен толықтырылсын.
22. Көрсетілген техниалық регламенттің І бөліміндегі № 5 қосымша:
а) "Қолды механикалық факторлардан қорғаудың жеке қорғану құралдары" деген кіші бөлімнің екінші абзацындағы "балаларға арналғандардан басқасы" деген сөздер алып тасталсын;
б) "Қолды механикалық факторлардан қорғаудың жеке қорғану құралдары" деген кіші бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
"Қолды судан және улы емес заттардан қорғайтын
жеке қорғану құралдары
Қолды судан және уытты емес заттардың ерітінділерінен қорғайтын қолғаптар мен перчаткалар;";
в) "Аяқты тайғанаудан қорғайтын жеке қорғану құралдары" деген кіші бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
"Аяқты судан және улы емес заттардан қорғайтын
жеке қорғану құралдары
Судан және уытты емес заттардың ерітінділерінен қорғау үшін полимерлік материалдардан жасалған қалыпты резиналық немесе құйма етіктер";
г) "Басты қорғайтын арнайы қорғану құралдары" деген кіші бөлімдегі "Мотоциклдар мен мопедтердің жүргізушілері мен жолаушыларына арналған қорғану шлемдері" деген сөздер алып тасталсын.