Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Ұнтақ түріндегі немесе амин қышқылдарынан немесе құрамында көмекші заттар бар витаминдер, микро- және (немесе) макроэлементтер қосылған өсімдік сығындыларынан тұратын, адам тағамына теңгерімдеп қосуға арналған, пайдалану алдында қосымша әзірлеу (сумен араластыру) талап етілетін мамандандырылған тамақ өнімі сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2106 тауар позициясында сыныпталады.
2. Сұйық түріндегі, құрамында көмекші заттар бар витаминдер, микро- және (немесе) макроэлементтер қосылған белоктардың, өсімдік майларының, көмірсулардың қоспасынан тұратын, адам тағамына теңгерімдеп қосуға арналған, ішімдік ретінде тікелей пайдаланылатын мамандандырылған тамақ өнімі сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-негізгі қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2202 тауар позициясында сыныпталады.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |