2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартттың 57-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 20-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы "Еуразиялық экономикалық одақта санитариялық шараларды қолдану туралы" № 299 шешімінің 2-1 тармағы он төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"- 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін – 1-бөлім "Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің және тамақ құндылығының талаптары" бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың "Балық пен балық өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 040/2016) техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге қойылатын талаптар бөлігінде көрсетілген техникалық регламенттің күшіне енуіне байланысты.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |