2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы шешті:
1. ЕАЭО СЭҚ ТН 1803 10 000 0 және 1804 00 000 0 кодтарымен сыныпталатын майсыздандырылған какао-пастаға және какао-майға, какао-тоңмайға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу баждарының ставкалары осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай мазмұндағы өзгерістер енгізілсін:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 1803 10 000 0 және 1804 00 000 0 позициялар төртінші бағанда ескертпеге "65С)" сілтемемен толықтырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелер мынадай мазмұндағы 65С ескертпемен толықтырылсын:
"65С) Кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 19 шешімі күшіне енген күннен бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта қолданылады.".
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |