Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережесін басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
- осы қаулыны ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
- осы қаулыны Шыңғырлау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
- осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 117 "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Бисембаевке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | М. Өмірәлиев |
| Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 18 ақпандағы № 16 қаулысына қосымша |
"Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) аудан аумағындағы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.
3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық–құқықтық қатынастардыөз атынан жасайды.
6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасыныңзаңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Лұқпан Қылышев атындағы көшесі № 93-үй.
Мемлекеттік органның мемлекеттік тілде толық атауы - "Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі. Мемлекеттік органның ресми тілде толық атауы- "государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства района Шынгырлау Западно-Казахстанской области". Мемлекеттік органның мемлекеттік тілде атауын латын графикасында "Batys Qazaqstan oblysy Shyñğyrlau audanynyñ käsipkerlik jäne auyl sharuaşylyğy bölimi" memlekettik mekemesi жазуларымен қолдануға болады және ол мемлекеттік тілдегі атауымен барабар.
10. Осы ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттік мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Мемлекеттік мекеме заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен өкілеттіктері.
13. Мақсаттары:
Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеті кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
- Белгіленген тәртіппен салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілік көтеру.
- Белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрау және алу;
- Мемлекеттік органдарда қолжетімді ақпараттық дерекқорларды пайдалану;
- Мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес мекемелермен және ұйымдармен ресми хат алмасу жүргізу.
- Жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, кәсіпорындармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау.
15. Функциялары:
1) агроөнеркәсіп кешен субъектілерін заңнамаға сәйкес және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
2) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингiн жүргiзу;
4) елдi мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерiн әзiрлеу;
5) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны ауданның жергілікті атқарушы органына беру;
6) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және ауданның жергілікті атқарушы органына есептілік ұсыну;
7) "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
8) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеуді жүзеге асырады;
9) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеуді жүзеге асырады;
10) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізуді жүзеге асырады;
11) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беруді жүзеге асырады;
12) ауданда жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша мониторинг жүргізеді;
13) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерінің және құқықтық актілерінің жобаларын дайындауды жүзеге асыру;
14) жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке кәсіпкерлік субъектілермен және басқалай ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
15) "Ең үздік кәсіпкер" аудандық конкурсын ұйымдастыру және жүргізу;
16) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу;
17) Мемлекеттік бақылауды немесе іс жүргізуді өзінің құзыры шегінде жүзеге асырады;
18) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 129 бабының 1 тармағына сай, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 199 бабының сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыруға құқылы.
3-тарау. Бөлім басшысының мәртебесі, өкілеттіктері.
16. Мемлекеттік мекемені басқаруды басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жасайды және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауап береді;
2) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілігін анықтайды;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) заңнамаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандыру бойынша шараларды алады, өз құзыретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;
5) бұйрықтарға қол қояды;
6) барлық мемлекеттік мекемелерде және басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
7) мемлекеттік функцияларды атқарумен байланысты емес, үшінші жақтарға қатысты мемлекеттік мекеме атынан шешім қабылдауға сенімхат береді;
8) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауапты болады;
9) мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Үкіметі қаулыларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің, әкім орынбасарларының тапсырмаларының, өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған облыстық және аудандық мәслихат актілерінің жедел және нақты орындалуы үшін дербес жауапты болады;
10) өзіне жүктелген міндеттердің орындалмағаны үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады;
11) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Мемлекеттік мекеменің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі.
20. Мемлекеттік мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
21. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату
24. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.