Тасқала ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тасқала ауданы әкімінің "Тасқала ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 11 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6355 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасына сәйкес құрылған сайлау учаскелерінің реттік нөмірі 11-жол, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсiн.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Т. Шакиров |
КЕЛІСІЛДІ:
Тасқала аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы
| Тасқала ауданы әкімінің 2026 жылғы маусымдағы № шешіміне қосымша |
Тасқала ауданының аумағындағы сайлау учаскелері
№ | Сайлау учаскелері | Сайлау учаскелерінің шекаралары | Орналасқан жері |
11 | 335 | Мереке ауылы, Қалмақ ауылы, Бубенец, Батырқұдық, Талдықұдық, Жайықбай, Қасым, Аққұс, Қауашай, Дөңбек, Карташов, Есенсай, Қарабөгет қыстақтары | Мереке ауылы, Абай көшесі, 2А, Тасқала ауданының әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Мереке ауылдық мәдениет үйінің ғимараты |