Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 шілдедегі № 133 "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 21 тамыздағы № 202 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 шілдедегі № 133 "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережесіне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 14-тармағының 2-тармақшасы мынадай міндеттермен толықтырылсын:

      "сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салынып жатырған (салынуы жоспарланған) құрылыс объектілері мен кешендеріне мониторинг жүргізу;";

      "құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау актілерін есепке алуды жүргізу, бұл ретте халықтың мобильділігі шектеулі топтарының қолжетімділігін қамтамасыз етуді міндетті түрде есепке алу;";

      "мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген, құрылыс объектілеріндегі сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ден қою шараларын қолдану;";

      "Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік нормативтік құжаттарды, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында белгіленген шарттар мен шектеулерді бұзғаны және олардан ауытқығаны үшін бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау.".

      2) 15-тармағы 1-тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңына сәйкес тексеру нысанында және өзге де нысандарда сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыру;" деген сөздер

      "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасындағы Құрылыс кодексіне сәйкес тексеру нысанында және өзге де нысандарда сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыру;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 15-тармағы келесідей мазмұндағы 9-тармақшамен толықтырылсын:

      "9) құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау сатысына қатысу.".

      4) 18-тармағы келесідей мазмұндағы 12-тармақшамен толықтырылсын:

      "12) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады.".

      2. "Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшелік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Төреғалиев

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 8 июля 2022 года № 133 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Западно-Казахстанской области"

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 21 августа 2026 года № 202

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в положение о государственном учреждении "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Западно-Казахстанской области", утвержденное постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 8 июля 2022 года № 133 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Западно-Казахстанской области" следующие изменения и дополнения:

      1) подпункт 2 пункта 14 Положения о государственном учреждении "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Западно-Казахстанской области", утвержденного указанным постановлением, дополнить следующими задачами:

      "ведение мониторинга строящихся (намечаемых к строительству) строительных объектов и комплексов в порядке, определенном уполномоченным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства;";

      "ведение учета актов приемки строительных объектов в эксплуатацию с обязательным учетом обеспечения доступа маломобильным группам населения;";

      "осуществление государственного архитектурно-строительного контроля и надзора, применение установленных Кодексом Республики Казахстан об административных правонарушениях административных мер воздействия к нарушителям архитектурно-градостроительной дисциплины на строительных объектах;";

      "принятие решений о применении к нарушителям предусмотренных законами Республики Казахстан мер в связи с допущенными нарушениями и отклонениями от норм законодательства Республики Казахстан, государственных нормативных документов, условий и ограничений, установленных в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности.".

      2) В подпункте 1) Пункта 15 слова "осуществление архитектурно-строительного контроля и надзора в форме проверки и иных формах контроля в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан"" заменить словами

      "осуществление архитектурно-строительного контроля и надзора в форме проверки и иных формах контроля в соответствии с Строительным кодексом и Предпринимательским кодексом Республики Казахстан;".

      3) Пункт 15 дополнить подпунктом 9 следующего содержания:

      "9) участвовать на стадии приемки строительных объектов в эксплуатацию.".

      4) Пункт 18 дополнить подпунктом 12 следующего содержания:

      "12) рассматривает дела об административных правонарушениях и налагает административные взыскания в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях.".

      2. Государственному учреждению "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Западно-Казахстанской области" обеспечить официальное опубликование настоящего постановления в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Западно-Казахстанской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким области Н. Турегалиев