Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 9 шiлдедегi № 111 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 117 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен цифрлық жүйелердің тізбесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен цифрлық жүйелердің тізбесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен цифрлық жүйелердің тізбесі";

      бағанның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

р/с №

Цифрлық жүйе мен интернет-ресурстың атауы

 
Цифрлық ресурстар

Цифрлық жүйе мен интернет-ресурстың иесі

      ";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

"Қазақстан Республикасы сот органдарының цифрлық жүйесі"

жеке және заңды тұлғалар бойынша сот істері туралы

Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі

      ";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

"Көші-қон полициясы"

Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетел азаматтарын тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру және тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауын және одан шығуын тіркеу туралы

Қазақстан Республикасына кіруге шақыруларды (жеке сапар бойынша) қабылдау және келісу туралы

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кетуге құжаттарды ресімдеу туралы

      ";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

20.

"Мобильді үкімет" цифрлық жүйесінің "1414" Бірыңғай байланыс орталығының SMS-шлюзі

мемлекеттік қызметтерді көрсету шеңберінде SMS жіберу

Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

      ";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

36.

"Атқарушылық іс
жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі"

сот актілерін орындау туралы (4.0 нысанды карточкалар, 4.1 нысанды атқарушылық құжатты есепке алу карточкалары, атқарушылық құжаттың қозғалысы және оны орындау нәтижелері туралы карточкалар)

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi

атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер туралы

      ";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

41.

Екінші деңгейдегі банктердің цифрлық жүйелері

банктік шоттар туралы

екінші деңгейдегі банктер

банк операциялары туралы

      ";

      ескерту мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескерту:

      Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділік Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен беріледі.

      * қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) жұмылдыру ресурстарының интеграциялық шлюзіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының цифрлық жүйелердің өзара іс-қимылы жөніндегі бірлескен бұйрықтарына қол жеткізуі болған жағдайда.".

      2. "Сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 7 қарашадағы № 138 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінің жауапты адамдары (бұдан әрі – Сот әкімшілігі) сот органдарының цифрлық жүйесіне енгізілетін арнайы есепке алу мәліметтерінің уақытылығын, толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органдарының басшыларына "Талдау орталығы" цифрлық жүйесіне (бұдан әрі – ТО ЦЖ) арнайы есепке алу мәліметтерін уақытылы, толық және дұрыс енгізілуін қамтамасыз етеді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Карточка ТО ЦЖ-де автоматты түрде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылы 2 қарашадағы № 124 бұйрығымен бекітілген "Азаматтық-құқықтық саладағы сот есептерінің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16009 болып тіркелген) бірінші сатыдағы сотпен қаралған азаматтық іске (өтінішке) 1-электрондық ақпараттық есепке алу құжатының 12-бөлімінің 8, 13 деректемелері негізінде қалыптасады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Арнайы есептен шығаруды ТО ЦЖ-дегі "есепте тұр" деген мәртебені "есептен шығарылған" деген мәртебеге ауыстыру жолымен, растайтын құжаттарды ұсыну (салу) арқылы Комитеттің аумақтық органы хатының негізінде Комитет жүзеге асырады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Комитеттің аумақтық органдары тоқсан сайын 30-күні азаматтық-құқықтық саладағы сот есептерінің көрсеткіштерімен ТО ЦЖ арнайы есепке алу мәліметтерімен салыстыру жүргізеді.".

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне (бұдан әрі - Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауға жолдау;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыру;

      3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жіберу.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін 1-тармағының он тоғызыншы абзацын, осы бұйрықтың 2-тармағының төртінші абзацын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.

      Осы бұйрықтың 2-тармағының төртінші абзацы, 2026 жылдың 12 шілдесіне дейін келесі редакцияда қолданылады:

      "3. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінің жауапты адамдары (бұдан әрі – Сот әкімшілігі) сот органдарының ақпараттық жүйесіне енгізілетін арнайы есепке алу мәліметтерінің уақытылығын, толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.".

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Б. Асылов

О внесении изменений в некоторые приказы Генерального Прокурора Республики Казахстан

Приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 9 июля 2026 года № 111.

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие настоящего приказа см. п. 5.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 19 сентября 2025 года № 117 "Об утверждении перечня интернет-ресурсов и информационных систем, интегрируемых с системой информационного обмена правоохранительных, специальных государственных и иных органов" следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении перечня интернет-ресурсов и цифровых систем, интегрируемых с системой информационного обмена правоохранительных, специальных государственных и иных органов";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемый перечень интернет-ресурсов и цифровых систем, интегрируемых с системой информационного обмена правоохранительных, специальных государственных и иных органов.";

      в перечне интернет-ресурсов и информационных систем, интегрируемых с системой информационного обмена правоохранительных, специальных государственных и иных органов, утвержденном указанным приказом:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Перечень интернет-ресурсов и цифровых систем, интегрируемых с системой информационного обмена правоохранительных, специальных государственных и иных органов";

      наименование граф изложить в следующей редакции:

      "

№ п/п

Наименование цифровой системы и интернет-ресурса

 
Цифровые ресурсы

Владелец
цифровой системы и интернет-ресурса

      ";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "

1.

"Цифровая система судебных органов Республики Казахстан"

о судебных делах по физическим и юридическим лицам

Судебная администрация Республики Казахстан

      ";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "

8.

"Миграционная полиция"

о регистрации иностранных граждан, временно прибывающих в Республике Казахстан

Министерство внутренних дел Республики Казахстан

о регистрации и выдаче разрешения иностранным гражданам и лицам без гражданства на постоянное местожительство в Республике Казахстан

о регистрации приема и выхода из гражданства Республики Казахстан

о приеме и согласовании приглашений на въезд в Республику Казахстан
(по частным делам)

об оформлении документов на выезд за пределы Республики Казахстан на постоянное место жительства

      ";

      пункт 20 изложить в следующей редакции:

      "

20.

SMS-шлюз Единого контакт-центра "1414" цифровой системы "Мобильное правительство"

отправка SMS в рамках оказания государственных услуг

Министерство искусственного интеллекта и цифрового развития
Республики Казахстан

      ";

      пункт 36 изложить в следующей редакции:

      "

36.

"Государственная автоматизированная цифровая система исполнительного производства"

об исполнении судебных актов (карточки формы 4.0, карточки по учету исполнительного документа 4.1, карточки о движении исполнительного документа и результатах его исполнения)

Министерство юстиции Республики Казахстан

о должниках по исполнительным производствам

      ";

      пункт 41 изложить в следующей редакции:

      "

41.

Цифровые системы банков второго уровня

о банковских счетах

банки второго уровня

о банковских операциях

      ";

      примечание изложить в следующей редакции:

      "Примечание:

      Доступ к сведениям, составляющим охраняемую законами тайну, предоставляется в установленном законами Республики Казахстан порядке.

      * при условии наличия доступа управлений (отделов) по делам обороны к интеграционному шлюзу мобилизационных ресурсов, а также совместных приказов Министерства обороны Республики Казахстан и Генеральной прокуратуры Республики Казахстан по взаимодействию цифровых систем.".

      2. Внести в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 7 ноября 2025 года № 138 "Об утверждении Правил ведения, использования и хранения сведений специального учета лиц, признанных судом недееспособными и ограниченно дееспособными" следующие изменения:

      в Правилах ведения, использования и хранения сведений специального учета лиц, признанных судом недееспособными и ограниченно дееспособными, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Ответственные лица территориальных подразделений Судебной администрации Республики Казахстан в столице, областях и городах республиканского значения (далее – Судебная администрация) обеспечивают своевременность, полноту и достоверность вводимых в цифровую систему судебных органов сведений специального учета.";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Начальники территориальных органов Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан (далее – Комитет) обеспечивают своевременность, полноту и достоверность сведений специального учета в цифровой системе "Аналитический центр" (далее – ЦС АЦ).";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Карточка формируется в ЦС АЦ автоматически на основании реквизитов 8, 13 раздела 12 электронного информационного учетного документа 1 на гражданское дело (заявление), рассмотренное судом первой инстанции, утвержденного приказом Генерального Прокурора Республики Казахстан от 2 ноября 2017 года № 124 "Об утверждении форм судебных отчетов в гражданско-правовой сфере и Инструкции по их формированию" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 16009).";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Снятие со специального учета осуществляется Комитетом путем изменения статуса лица в ЦС АЦ с "состоит на специальном учете" на "снят со специального учета" на основании письма территориального органа Комитета с представлением (вложением) подтверждающих документов.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Ежеквартально к 30 числу территориальный орган Комитета проводит сверки сведений специального учета в ЦС АЦ с показателями судебных отчетов в гражданско-правовой сфере.".

      3. Комитету по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан (далее – Комитет) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) направление настоящего приказа на казахском и русском языках на официальное опубликование в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Генеральной прокуратуры Республики Казахстан;

      3) направление настоящего приказа заинтересованным субъектам правовой статистики и специальных учетов, а также территориальным и приравненным к ним органам Комитета для исполнения.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Председателя Комитета.

      5. Настоящий приказ вступает в силу с 12 июля 2026 года, за исключением абзаца девятнадцатого пункта 1, абзаца четвертого пункта 2 настоящего приказа, которые вступают в силу с 1 июля 2026 года, и подлежит официальному опубликованию.

      Установить, что абзац четвертый пункта 2 настоящего приказа до 12 июля 2026 года действуют в следующей редакции:

      "3. Ответственные лица территориальных подразделений Судебной администрации Республики Казахстан в столице, областях и городах республиканского значения (далее – Судебная администрация) обеспечивают своевременность, полноту и достоверность вводимых в информационную систему судебных органов сведений специального учета.".

      Генеральный Прокурор
Республики Казахстан
Б. Асылов