Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 4/24-VIII "Үлкен Нарын ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын аудандық мәслихатының 2026 жылғы 10 шілдедегі № 25/249-VIII шешімі

      Үлкен Нарын ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 4/24 -VIII "Үлкен Нарын ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9051-16 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қағиданың 2-тарауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

      3. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау Үлкен Нарын ауданының ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі мәтін бойынша алушылар) Үлкен Нарын ауданы бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет 10, 1734 (он бүтін он мыңнан бір мың жеті жүз отыз төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде, алушылардан өтініштер талап етілмей, екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік қолдаудың артық немесе заңсыз төленген сомалары ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға жатады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үлкен Нарын ауданы мәслихатының төрағасы Ж.Сыдыкова

О внесении изменения в решение маслихата района Үлкен Нарын от 5 июля 2024 года №4/24-VIII "Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Үлкен Нарын"

Решение маслихата района Үлкен Нарын Восточно-Казахстанской области от 10 июля 2026 года № 25/249-VIII

      Маслихат района Үлкен Нарын РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата района Үлкен Нарын от 5 июля 2024 года №4/24-VIII "Об утверждении Правил и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах

      района Үлкен Нарын" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №9051-16) следующие изменения:

      Главу 2 утвержденных Правил изложить в новой редакции:

      "2. Порядок и размер оказания социальной поддержки.

      3. Социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива оказывается за счет средств бюджета района Үлкен Нарын специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии (далее по тексту получатели), проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Үлкен Нарын.

      4. Социальная поддержка оказывается один раз в год в размере 10,1734 (десять целых одна тысяча семьсот тридцать четыре десяти тысячных) месячных расчетных показателя, без истребования заявлений от получателей на основании сводных списков, утвержденных первыми руководителями государственных организации, путем перечисления на лицевые счета получателей через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций.

      5. Излишне или неправомерно выплаченные суммы социальной поддержки подлежат возврату в добровольном или судебном порядке.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата района Үлкен Нарын Ж.Сыдыкова