ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.09 2026 бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өскемен қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Өскемен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Өскемен қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы | А. Светаш |
| Өскемен қалалық мәслихатының 2026 жылғы 16 маусымдағы № 46/2-VIII шешіміне қосымша |
Өскемен қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
№ р/с | Атауы | Есептеу бірлігі | Қызмет құны, теңге |
1 | Жайлы үйлер | тұрғын/айына | 757 |
2 | Жайлы емес үйлер | тұрғын/айына | 718 |
3 | Жылдық тариф бірлігіне (көлем) | 1 м3 | 3391 |