"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
| Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Сақтағанов |
"Келісілді"
Шығыс Қазақстан облысы
экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы
___________________Н. Маратов
2026 жылғы "___" ______________
"Келісілді"
Шығыс Қазақстан облысы
қаржы басқармасының басшысы
___________________С. Большакова
2026 жылғы "___" ______________
| Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы "9" шілдедегі № 176 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі
1. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 20 қаулысы;
2. "Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 224 қаулысы;
3. "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 тамыздағы № 274 қаулысы;
4. "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 тамыздағы № 274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 314 қаулысы;
5. "Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 03 ақпандағы № 20 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 325 қаулысы;
6. "Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 20 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 221 қаулысы;
7. "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 13 қазандағы № 258 қаулысы.