"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, "Аңшылық алқаптарын бекiтiп беру жөнiндегі конкурсты өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11227 болып тіркелген) бекітілген Аңшылық алқаптарын бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларының 5-тарауына сәйкес, аңшылық алқаптарын бекіту жөніндегі конкурстың нәтижелері туралы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 353660 хаттаманың негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының аумағында орналасқан, ауданы 33 098 га "Таинты" аңшылық шаруашылығы" аңшылық алқабы, "EastStroy" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 10 жыл мерзімге бекітіліп берілсін.
2. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Сақтағанов |