"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 98 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын және бекітілсін.
2. Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы (Е.А. Сембинов):
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж.М. Омарға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Сақтағанов |
| Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы "19" қаңтардағы №7 қаулысына қосымша |
|
| Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы "24" сәуірдегі № 98 қаулысына қосымша |
"Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1 тарау. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Шығыс Қазақстан облысының аумағында туризмді дамыту, инвестициялар тарту және сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Басқармаға егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40.
9. Мемлекеттік органның толық атауы: "Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже аталған Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) бекітілген өлшемшарттарға сәйкес құны айлық есептік көрсеткіштің жүз елу мың еселенген мөлшерінен аспайтын, экономиканың барлық салалары бойынша облыстың инвестициялық жобаларының жалпы өңірлік пулын қалыптастыру;
2) облыстың қажеттіліктерін ескере отырып, инвесторларды тарту мақсатында өңірдің инвестициялық бағдарламасын қалыптастыру;
3) облыстың инвестициялық жобалары бойынша проблемалық мәселелерді қарауды және олар бойынша шешімдер қабылдауды қамтамасыз ете отырып, өңірлік инвестициялық штабтың жұмысын ұйымдастыру;
4) өз құзыреті шегінде әлеуетті және іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы мәліметтерді Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа арқылы уәкілетті мемлекеттік органға ұсынуды қамтамасыз ету;
5) мүдделі мекемелермен өзара іс-қимыл жасай отырып, "бір терезе" қағидаты бойынша жалпы өңірлік инвестициялық жобалар пулына енгізілген өнеркәсіп және тау-кен металлургиясы секторындағы инвестициялық жобаларды өз құзыреті шегінде сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
6) өз құзыреті шегінде инвестициялық жобаларды жалпыұлттық инвестициялық жобалар пулына енгізу процесін бастамалау;
7) инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді, оның ішінде жоба паспортын жасауды, жол картасын қалыптастыруды, инвесторға қызметтер көрсету үшін мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды, сондай-ақ өз құзыреті шегінде "жасыл дәлізге" енгізілген жобаларды жүргізуді қамтамасыз ету;
8) туристік ресурстарды дамыту;
9) туристік өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру;
10) қолайлы туристік ахуал қалыптастыру;
11) облыстың туристік әлеуетін ішкі және халықаралық нарықтарда ілгерілетудің тиімді жүйесін қалыптастыру;
12) туристік саланы дамытудағы басқару және мониторинг жүйесін жетілдіру;
13) азаматтардың саяхат жасау кезіндегі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін туристік индустрияны дамыту;
14) туристік индустрияны дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын құру, Қазақстан Республикасы мемлекеті мен азаматтарының кірістерін ұлғайту;
15) халықаралық байланыстарды дамыту;
16) облыстың туризм саласына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру;
17) туристік саланы цифрландыру, оның ішінде туризм саласындағы цифрлық сервистер мен платформаларды дамыту, инвестицияларды тарту және халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін цифрлық құралдарды пайдалану, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетін ілгерілету;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметі саласында, оның ішінде туризм, инвестициялар және сыртқы байланыстар саласында пайдаланылатын ақпараттық жүйелер мен цифрлық ресурстарды қорғауды қамтитын киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
экономикалық жоспарлар мен өңірді дамытудың заңнамада белгіленген басымдықтары негізінде инвестицияларға қажеттіліктерді ресімдеу және дайындау, сондай-ақ инвестициялық тапсырыстарды қалыптастыру;
өңірлік инвестициялық штабтың оң шешімі болған жағдайда Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның ақпараттық жүйесінде инвестициялық жоба паспортын қалыптастыру және инвестициялық жобаларды жалпы өңірлік инвестициялық жобалар пулынан алып тастау рәсімдерін іске асыруды қамтамасыз етеді;
заңнамада көзделген негіздер болған кезде Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа арқылы уәкілетті мемлекеттік органға инвестициялық жобаларды жалпыұлттық инвестициялық жобалар пулынан тоқтата тұру және (немесе) алып тастау туралы сұрау салуларды жіберуді қамтамасыз етеді;
инвестициялық бастама алынғаннан кейін, өз құзыреті шегінде оны іске асыру жөніндегі ұсыныс болып табылатын инвестициялық бастамамен одан әрі жұмыс жүргізу бойынша жауапты лауазымды адамды тағайындайды және заңнамада көзделген шешімдердің қабылдануын қамтамасыз етеді;
өз құзыреті шегінде уәкілетті органдар мен ұйымдар арқылы инвесторларды сүйемелдеуді және инвесторларға мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, Басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан және жеке тұлғалардан сұрату және алу;
Басқарма реттейтін салаларда орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен меморандумдар (келісімдер) жасасу;
Басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және жергілікті сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарту;
халықаралық шарттар (келісімдер) жасасу жөнінде ұсыныстар енгізу, шет елдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізу, шарттар (келісімдер) жасасу;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, сондай-ақ олармен келісім бойынша тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілері негізінде басқа мемлекеттік органдармен, коммерциялық емес және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен мәслихаты бекітетін бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапкер, талапкер, үшінші тұлға, оның ішінде облыс әкімінің, облыс әкімдігінің атынан соттарда және басқа мемлекеттік органдарда әрекет ету;
заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдау және қарау;
Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, сондай-ақ өзге де жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
Басқармаға бөлінген бюджет қаражатын толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
реформалар курсын, басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды түсіндіру барысы туралы облыс әкіміне талдамалық анықтама дайындау бойынша жұмысты үйлестіру;
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қажетті жағдайлар жасау;
көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда ұсыну;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін, оның ішінде ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсыну;
қызметкерлердің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілігін арттыру, сондай-ақ мүгедектігі бар тұлғалармен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйрету;
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарау және оларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерзімдерде қарау нәтижелері туралы хабардар ету;
көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті орындау сатысы туралы ақпарат алу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау;
мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын, сондай-ақ оларды көрсету үшін қажетті өзекті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз ету;
егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде сақталған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін немесе ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған келісімін алу;
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттарды пайдалану;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту;
заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) Шығыс Қазақстан облысы аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
2) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және Шығыс Қазақстан облысы аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады;
3) облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
4) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 Заңына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Заңы) сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағын қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
5) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне жәрдем көрсетеді;
6) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында қызметін жүзеге асыратын субъектілерді қоспағанда, туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
7) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында жүзеге асырылатын кәсіпкерлікті қоспағанда, халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;
8) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты ұсынады;
9) туристік ақпарат орталығын құрады;
10) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында қызметін жүзеге асыратын гидті қоспағанда, гидті кәсіптік даярлауды ұйымдастырады;
12) уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;
13) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
14) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағын қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризм инфрақұрылымын құрады, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді салу мен дамыту бойынша шаралар қабылдайды;
15) туризмді дамыту үшін туристік қызмет субъектілеріне жағдай жасайды;
16) туризм саласындағы бірлескен қызметті іске асыру шеңберінде тікелей шарт жасасу арқылы туристік ақпараттық орталықтарды қаржыландырады;
17) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезіндегі кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;
18) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың санитариялық-гигиеналық тораптарының тізбесін қоспағанда, уәкілетті органмен келісу бойынша күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбелерін бекітеді;
19) елді мекендерден тыс жердегі туристерді орналастыру орындарына дейін облыстық және аудандық маңызы бар кірме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
20) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жол бойындағы сервис объектілерін қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді;
21) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы санитариялық-гигиеналық тораптарды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялайды;
22) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері сатып алатын автомобиль көлігі құралдарын қоспағанда, туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын есепке алмағанда сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтейді;
23) Шығыс Қазақстан облысының аумағында халықаралық ынтымақтастық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
24) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға инвесторлар және олардың инвестициялық жобалары туралы мәліметтерді ұсынуды, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада инвесторлар тізілімімен интеграциялауды қамтамасыз етеді;
25) облыс аумағында инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды;
26) заңнамада белгіленген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік қызметшілерді дайындау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
27) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
17. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
19. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарма жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
2) Басқарма басшысының орынбасары мен бөлімдер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) Басқармада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және осы шаралардың әрекетсіздігі үшін дербес жауапты болады;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді, оларға тәртіптік жаза қолданады;
6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен облыс әкімінің ұйымдастырушылық қызметіне қатысты келіп түскен петицияларды қарайды;
7) өз өкілеттігі шегінде бұйрықтар шығарады;
8) Басқарманың бөлімдер туралы ережелерін және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
9) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарма мүдделерін білдіреді;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Басқарма егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарма қарамағындағы ұйым
24. "Шығыс Қазақстан облысы туризм басқармасының Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.