"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сауран ауданының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіппен және шарттарда ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар осы шешімнің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сауран аудандық мәслихатының төрағасы | С. Байсбаев |
| Сауран аудандық мәслихатының 2026 жылғы "22" мамырдағы № 331 шешіміне 1-қосымша |
Ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын Сауран ауданы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақылары
№ р/с | Буындар мен біліктілік разрядтар атауы | Лауазымдық жалақыға үстемақы мөлшері |
1 | 2 | 3 |
1 | А1-3 | 30% |
2 | А1-3-1 | 30% |
3 | А3-3 | 30% |
4 | В2-4 | 30% |
5 | В3-4 | 30% |
6 | С-2 | 30% |
7 | С-3 | 30% |
8 | D | 30% |
| Сауран аудандық мәслихатының 2026 жылғы "22" мамырдағы № 331 шешіміне 2-қосымша |
Ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын Сауран ауданы әкімдігі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің "Жасыл Сауран" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмысшыларының лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақылары
№ р/с | Лауазымдардың толық жазылуы (атауы) | Лауазымдық жалақыға үстемеақы |
1 | 2 | 3 |
1 | Жүргізуші | 50% |