"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзінөзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 шілдедегі № 529 қаулысымен бекітілген "Түлкібас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер енгізіліп, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2. "Түлкібас ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің идеология саласына жауапты орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Естибаев |
| Түлкібас ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "09" шілдедегі № 371 қаулысымен бекітілген |
"Түлкібас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. "Түлкібас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) аудандағы ішкі саясат саласында жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің ведомстволары:
1) Түлкібас ауданы ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2) Түлкібас ауданы ішкі саясат бөлімінің "Түлкібас аудандық руханият орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Түлкібас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері, индекс: 161300, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округі, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201.
10. Осы ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Бөлім кәсiпкерлiк субъектiлерiмен бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімнің заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
Бөлім ішкі саясат саласындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк атқарушы органы болып табылады.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
аудандағы ішкі саясат саласында дамуының басым бағыттарын белгілеу, жоспарлау және оның болашақтағы дамуына болжам жасау;
ауданда ішкі саясат саласында дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру және орындалуын талдау;
аудандағы ішкі саясат саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттарын айқындауға қатысады;
өз атынан келісім, келісім-шарттарға қол қойып, байланыстар орнатады, сенім хаттар береді, мүліктік емес құқықтарды сатып алады, сотта талапкер және жауапкер болады, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бөлімге жүктелген басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асырады;
өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысында тиісті мемлекеттік басқару органдарынан қажетті ақпараттарды алады;
2) Міндеттері:
ауданның мемлекеттік жастар және ішкі саясатын жасауға, жүзеге асыруға және бақылауға қатысады;
аудандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде мемлекеттік саясатты жүргізуге және қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік тәуелсіздікті, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамның бірігуін нығайтуға қатысады;
Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген жағдайларда, аудандағы мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінің мемлекеттік ішкі саясатын іске асыруының барысын бақылайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімінің, бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша актілер мен тапсырмаларын орындайды;
қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстан 2050 жылға дейінгі даму Стратегисының негізгі басымдықтарын түсіндіру және насихаттау;
қоғамдық-саяси сала және ішкі саясат мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасын, мемлекеттік саясатты насихаттау мен түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және асыру жұмыстарын үйлестіреді.
аумақта орын алған қоғамдық-саяси процестер мен олардың даму тенденцияларын жинақтау және талдау жасау, жан жақты және обьективті зерттейді;
аудан аумағында миссионерлік қызметпен айналысатын шетелдік азаматтарды заңнамада белгіленген тәртіпте есепке алуды жүзеге асырады;
аумақтық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, мемлекеттік тапсырысты жүргізуді орындау мәселесі бойынша аумақтағы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру, аудан әкімдігі құрылтайшысы немесе тең құрылтайшысының бірі болып табылатын БАҚ қызметіне бақылау жасайды;
әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін жария ету жөнінде аймақтық электрондық және баспа БАҚ мониторинг жұмыстарын жүргізеді;
аумақтағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған социологиялық және политологиялық зерттеулерді жүргізеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіподақтармен, БАҚ, қоғамдық өкілдермен бірлескен жұмыстарды жүргізеді;
аудан әкімдігі мен әкімі қызметінің негізгі бағыттарын жүзеге асыруда ұйымдық-идеологиялық шараларды қамтамасыз етеді;
Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландыратын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;
Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, бекітеді және осы Заңда көзделген жағдайларда келіседі;
Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
Бөлімнің және бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың бекітіліп берілген және басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың коммуналдық мүлкінің пайдалануына және сақталуына бақылауды жүргізеді.
15. Функциялары:
ішкі саяси процестерді мемлекеттік реттеуге қатысу, ішкі саясат саласында жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, аудандағы саяси партиялар мен өзге қоғамдық бірлестіктердің қызметіне, қоғамдық-саяси жағдайларға мониторингті, талдауды және болжауды ұйымдастыру, ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамды біріктіруді, қазақстандық патриотизмді насихаттау және тәрбиелеуді қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды дайындау және жұмыстарды ұйымдастырады:
жастар, руханият және ішкі саясат мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттық шараларды жүзеге асырады;
мемлекеттік ішкі саясат мәселелері бойынша ауданның жергілікті атқарушы органдарының, аумақтық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметтерін ақпараттық-насихаттық жұмыстарының барысын талдау жүзеге асыру және үйлестіру;
Қазақстан Республикасындағы адам құқығы мен бостандығын сақтауды қамтамасыз ету, этникааралық, ішкі саясат саласындағы белгіленген мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалары мен аймақтық бағдарламалар жасауға және жүзеге асыруға қатысу;
ақпараттық мәлімет базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, қорландыру, жинақтау және топтастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
жастар, руханият және ішкі саясат мәселелері бойынша аудан әкімдігі қаулыларының және аудан әкімі шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысу, оларды жүзеге асыру бойынша шаралар қолдану және орындалу барысына бақылау жасайды;
жастар, руханият және ішкі саясат мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарға консультативтік-әдістемелік көмек көрсетеді;
жастар, руханият және ішкі саясат мәселелері бойынша ақпараттарды жинауды және талдауды қамтамасыз ету, аудан әкіміне ақпараттық-сараптау материалдарын дайындайды;
жастар, руханият және ішкі саясат мәселелері бойынша (өз құзыреті шегінде) ауданның ішкі саяси тұрақтылығы мен саяси процестерді демократияландыруды нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық ғылыми практикалық іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу;
жастар, руханият және ішкі саясат саласындағы аудан әкімінің консультативтік-кеңесі және басқа да органдарының қызметін қамтамасыз етеді;
заңнамада белгіленген тәртіппен азаматтардың арыз-шағымдарын қарау, жеке мәселелер бойынша қабылдау;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 418-бабының 1-1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасайды және Түлкібас ауданының әкімдігіне қарау үшін жолдайды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 489-1, 490-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасайды және сотқа қарау үшін жолдайды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-3-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді өз құзыреті шегінде қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-3-бабының екінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша хаттамаларды уәкілетті лауазымды тұлғалар жасайды және сотқа қарау үшін жолдайды.
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының және шетелдік журналистердің Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттеусіз кәсіби журналистік қызметпен айналысу фактілері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен шаралар қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Заңнамасымен және нормативтік актілермен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
Мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметіне тағайындайды және босатады;
Бағынысты мекемелердің басшыларын жұмысқа қабылдайды және босатады;
Сенімхаттар береді;
Заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
Өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік, бухгалтерлік бірінші қол қою құқығы бар құжаттарға қол қояды;
Мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Бөлімге берілген мүліктердің тиімді пайдалануына, сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Аудан әкімдігінің қаулысымен белгіленген қызметкерлер саны шегінде бөлімнің құрылымын бекіту (өзгерту) мәселелері жөніндегі аудан әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
19. Бөлімнің заңнамаға көзделген жағдайларда жедел басқару құқығына оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Бөлімнің мүлкi оған аудан әкімдігі берген мүлiк есебiнен қалыптастырылады.
20. Бөлімге бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) Түлкібас ауданы ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2) Түлкібас ауданы ішкі саясат бөлімінің "Түлкібас аудандық руханият орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.