Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі "Әлеуметтік кодексінің" 142 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" №281 бұйрығына сәйкес Түркістан қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Түркістан қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқылық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Түркістан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан қаласы әкiмдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне" жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Ә. Пазылбекұлы |
| Түркістан қаласы әкімдігінің 2026 жылғы "___" наурыздағы №____қаулысына қосымша |
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері
Көрсетілетін қызметті беруші шарттарда қызмет көрсетеді:
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж жасы 1,5-нан 18-ге дейінгі психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету:
№ | Атауы | Қызмет алушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (тенге) |
1. | Психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектігі бар балаларға оңалту орталығында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (1,5 жастан 18 жасқа дейін) | 134 564 |