2026 жылға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін бекіту туралы

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2026 жылғы 5 ақпандағы № 49 қаулысы

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Әлеуметтік кодексінің 142 бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Кентау қаласы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласының әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ж.Тасов

  Кентау қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 05 ақпандағы
№ 49 қаулысына қосымша

2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері

      Көрсетілген қызметті беруші шарттарда қызмет көрсетеді:

      1. Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

      2. Балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша іс-шараларды өткізу;

      3. Он сегіз жастан асқан тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

      4. Егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ қарттар.

Атауы

Қызмет алушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (теңге)

1

Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларға үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (1,5 жастар 18 жасқа дейін)

64006,53

2

Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға үйде күтім жасау жағдайында әлеуметтік қызметтер көрсету (1,5 жастар 18 жасқа дейін)

64006,53

3

Он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

64006,53

4

Егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ қарттар

41517,27


Об утверждении тарифов на оказание специальные социальные услуги на 2026 год

Постановление акимата города Кентау Туркестанской области от 5 февраля 2026 года № 49

      В соответствии со статьей 142 Социального кодекса Республики Казахсатан от 20 апреля 2023 года, статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении самоуправлении в Республике Казахстан", а также с приказом № 281 Заместителя Премьер-Министра – министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года "Об утверждении правил и методики формирования тарифов на специальные социальные услуги" акимат города Кентау ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить тарифы на специальные социальные услуги на 2026 год согласно приложению к настоящему постоновлению.

      2. Государственное учереждение "Отдел занятости и социальных программ акимата города Кентау" в установленном законадательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по городу Кентау для официального опубликования и включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размешение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Кентау после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Кентау.

      4. Настоящее постоновление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Ж.Тасов

  Приложение к постановлению
акимата города Кентау
от 05 февраля 2026 года № 49

Тарифы на оказание спецальные социальные услуг на 2026 год

      Оказывающий услуги предоставляет их при следующих условиях:

      1. Осуществление специальных социальных услуг на дому;

      2. Проведение мероприятий по оказанию специальных социальных услуг детям;

      3. Проведение мероприятий по оказанию специальных социальных услуг лицам старше восемнадцати лет;

      4. Перестарелым, утратившим возможность самообслуживания в связи с возрастом.

Наименование

Ежемесячный тариф за 1 услугу для получателя (тенге)

1

Оказанию специальных социальных услуг на дому детям-инвалидам с психоневроло-гическими заболеваниями (от 1,5 до 18 лет)

64006,53

2

Оказанию специальных социальных услуг на дому детям-инвалидам с нарушением опорно-двигательного аппарата (от 1,5 до 18 лет)

64006,53

3

Оказанию специальных социальных услуг на дому инвалидам лицам старше восемнадцати лет с психоневрологическими заболеванияями

64006,53

4

Престарелым, утратившим возможность самообслуживания в связи с возрастом

41517,27