"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Түркістан облысы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 12 маусымдағы № 114 қаулысы;
2) "Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 114 "Түркістан облысы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 210 қаулысы.
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің аппараты басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Н. Көшеров |
З.С.Жолдасов
Ф.М.Байдуллаев
Е.К.Алтаев
Е.Ә.Дауылбаев
К.Ә.Қайыпбек
Н.Ә.Тұрашбеков
К.Е.Жаппар
Г.Н.Ажиметова