"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Атырау облысы жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2026 жылғы 20 қаңтардағы № 2 қорытындысына сәйкес, Ойыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық округіндегі көшеге "Тәжіғали Бақтығалиев" есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Округ әкімі | А. Ақбалашұлы |